Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2012 / Мерекелік әндер-1

Мерекелік әндер-1

Мерекелік әндер-1

  1. Сенің Көзің
    әнінің сөзі және гитарада ойналатын аккордтары
    с. М.Мақатаев
    ә. Т.Нағашымбаев

    Сенің көзің түпсіз терең,
    Тұңғиықтан жаралған.
    Сонда жатыр менде жүрген,
    Орындалмас бір арман.

    Сенің жүзің көкте күннен,
    Жерде гүлден нәр алған.
    Шашың сенің жан баспаған,
    Жапандағы қара орман.

    Сенің жүзің көкте күннен,
    Жерде гүлден нәр алған.
    Шашың сенің жан баспаған,
    Жапандағы қара орман.

    Қас-кірпігің қарлығаштың,
    Қанатындай қап-қара.
    Үлбіреген жүзің сенің,
    Ақ жібек пе, мақта ма?

    Әсем басың әп-әдемі,
    Мүсініңе шақ қана.
    Шиедейін еріндерің,
    Қызарып тұр шоқтана.

    Әсем басың әп-әдемі,
    Мүсініңе шақ қана.
    Шиедейін еріндерің
    Қызарып тұр шоқтана.

    Толықсыған тұла бойың,
    Шыбық па екен, тал ма екен.
    Бейнең сенің баяу атқан
    Жазғы шұғыла таң ба екен.

    Күлкің сенің шашылған нұр,
    Сөзің кәусар бал ма екен.
    Бұл ғаламда сенен асқан
    Сірә біреу бар ма екен.

    Күлкің сенің шашылған нұр,
    Сөзің кәусар бал ма екен.
    Бұл ғаламда сенен асқан,
    Сірә біреу бар ма екен.

***

  Туған күн - Жігіттер

Үнімен оның шыр еткен,

Ашылды да, арайланып әлем есігі.

Сезімдей туған жүректен,

Тербетілді алтын айдар ұлдың бесігі.

Қазақпыз ұлын батыр дер,

Сүйіншісін жас сәбиге арнап жатыр ел.

Қабыл боп елдің батасы

«Батыр бол» деп атын қойды оның атасы.


Қайырмасы:

Бүгін сенің түған күнің балапаным, дәулетім,

Өмір гүлім сені бүгін құттықтайды әулетің.

Азамат бол асқақтатар азат елдің сәулетін,

Намысты бол, табысты бол, жеңістің шаш сәулесін.

 

Байлығы күннің шуағы,

Менің емес елімнің де болшы ұланы.

Жеңістің шырқа жыр әнін

Көк байрақтың қалықтасын көкке қыраны.

Арманды жалғаған ұлым,

Әрқашан да Қызыр баба болсын жолдасың.

Аппағым, айналайыным

Періштелер жебеп сені тәңір қолдасын.

***

Қарағым-ай

с. Ш.Сариев

ә. К.Дүйсекеев

Сұлулық осындай болады екен,

Бір басқа армансыз қонады екен.

Адамдар өмірге қонақ екен

Шынымен бұл дүние шолақ екен.


Қарағым-ай

Еліктер осылай жосады екен,

Жолыңнан сені кім тосады екен.

Бұл коңіл неліктен босады екен

Бұл тағдыр сені кімге қосады екен.

Қарағым-ай

Қиылып үзіліп қарадың ай,

Қараған қандай сұлу жанарың ай

Қарағым-ай.

Бұл өмір осылай өтеді екен,

Сүймесең дүние бекер екен

Парақтап жинасаң бар ғұмырың

Бір сүйген күніңе-ай жете ме екен.

 

Қарағым-ай

Қиылып үзіліп қарадың-ай

Қараған қандай сұлу жанарыңа-ай

 

Қарағым-ай

Қиылып үзіліп қарадың-ай

Қараған қандай сұлу жанарың-ай

***

Не жаздым мен, жаным, саған

с.,ә. Ө.Алтаев

Өткен күндер қайта келмейді,

Өкінген еш пайда бермейді,

Бақытты бол басқа жанмен қайтейін.

 

Не жаздым мен, жаным, саған,

Қарамастан кеттің маған.

Айлы түннің шуағына шомылып.

Не жаздым мен, жаным, саған,

Қарамастан кеттің маған.

Айлы түннің шуағына шомылып.

 

Басқа жанның құшағында,

Еркелейсің, күлімдейсің,

Маған деген махаббатың солған ба?

 

Не жаздым мен, жаным, саған,

Қарамастан кеттің маған.

Айлы түннің шуағына шомылып.

Не жаздым мен, жаным, саған,

Қарамастан кеттің маған.

Айлы түннің шуағына шомылып.

 

Шын сүйгендер қосылмайды,

Қосылғанмен бір болмайды,

Тағдыр неге қатал болған, о тоба!

 

Не жаздым мен, жаным, саған,

Қарамастан кеттің маған.

Айлы түннің шуағына шомылып.

Не жаздым мен, жаным, саған,

Қарамастан кеттің маған.

Айлы түннің шуағына шомылып.

 

Не жаздым мен, жаным, саған,

Қарамастан кеттің маған.

Айлы түннің шуағына шомылып.

Не жаздым мен, жаным, саған,

Қарамастан кеттің маған.

Айлы түннің шуағына шомылып.

 

Не жаздым мен, жаным, саған,

Қарамастан кеттің маған.

Айлы түннің шуағына шомылып.

Айлы түннің шуағына шомылып

***

Сәулем-ай

Халық әні

Аяғыма кигенім, былғары етік, сәулем-ай,

Табанымнан барады, ызғар өтіп, сәулем-ай.

Жақсы болсаң келерсің судан өтіп, сәулем-ай,

Жаман болсаң қаларсың суға кетіп, сәулем-ай.

 

Сәулем, сәулем, сәулемсің,

Басымдағы дәуренсің,

Жақсы болсаң сәулемсің,

Жаман болсаң әуремсің.

 

Ағынан да алманың көгі жақсы сәулем-ай

Барынан да жаманның, жоғы жақсы, сәулем-ай

Бір сөз айтсаң жаманға, теріс қарар сәулем-ай,

Қорғасындай балқыған қайран жақсым, сәулем-ай

 

Сен де сері сәулем-ай, мен де сері, сәулем-ай,

Шын сүймесең көңіліңді бермес едің, сәулем-ай.

Томағасын алдырған лашындаймын, сәулем-ай,

Сен болмасаң бұл жерге, келмес едім сәулем-ай.

Сурет voxpopuli.kz сайтынан алынған

Жалғасы

3532 5
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 26 желтоқсан 2011, 13:13
Пікірлер
+0
26 желтоқсан 2011, 14:43

Беу де!

+0
26 желтоқсан 2011, 16:56

Хоппа! Осы жаңа жылда мен точно ән айтамын:)

+0
27 желтоқсан 2011, 02:01

"Қарағым*ай" әдемі ән :)

+0
27 желтоқсан 2011, 10:36

Туған күн кешінде, ата- анаға арналған бұрынғы әндердің тексті болса күшті болушы еді

+0
28 желтоқсан 2011, 12:31

ИншаАЛЛАһ, тағы көп әннің мәтінін саламыз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...