Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2012 / Жаңажылдық құттықтау sms-тері

Жаңажылдық құттықтау sms-тері

Жаңажылдық құттықтау sms-тері

Достық құттықтаулар:

Саған тілер басты тілегім — армандарың орындалсын! Өйткені адам арманына жетсе ғана,  бақытты! Жаңа жылыңмен!

***

Жаңа Жыл жомарттығын жасасын! Бақытын саған себелесін, жұлдызыңды жарық етіп, бар армандарыңды орындасын!

****

Осы қалпыңнан танба, достарыңа адал бол! Қыстың қарлы күнінде де, жаныңа шуақ шашып, көктем күлсін.

***

Бүгін саған 3 кісі барады.Тек ашуланба, мекен-жайды мен бердім. Олар өмір бойы сенің касыңда қалатын болсын: Денсаулық, Сәттілік, Махаббат!

***

Аппақ қардың ұлпалары саған бақыт болып төгілсін. Кірпіктерің де ақ қарға көміліп, көздерің тек аппақ армандарыңның орындалғанын көрсін! Бақыт пен үміттің, махаббат пен татулықтың жылы құтты болсын!

***

Жаңа жылда саған тілерім: 12 ай ауруды сезбей, 53 апта тек жақсылықтарды көріп, 365 күн бақытқа кенеліп, 8760 сағатты сәттілікпен өткізіп, 525600 минут махаббатқа мас болып, 31536000 секундты  қуанышты сәттермен өткіз! Жаңа Жыл жарылқасын!

***

Келер жыл сені азап пен ауыртпалықтардан, ұрыс пен берекетсіздіктен сақтасын! Айдаһар жылы айналаңдағы жандарға, маған және саған да, үміті мен махаббатын, бақыты мен байлығын сыйласын!

***

Ардақ тұтқан жайсаң жанның бірі едің,

Біреуге сыр, ал біреуге жыр едің,

Шынарына өрле биік бақыттың,

Осы менің саған айтар тілегім!

***

Құшағында тәтті үміттің

Өтсін алтын күндерің,

Жаңа жылда жақсылықтың,

Шамшырағын үрлегін!


Сүйіктілерге:

Аппақ қар үлпілдей жауып тұр. Баспалдаққа түссе, еріп кетеді. Кенеттен қарға айналып, алыста жүрген сенің қолыңа түсіп, еріп кетер ме едім! Сағынышым менің, жаңа жылыңмен!

***

Өзің де бір ардақты жан екенсің,

Армандарың алып шыңға көтерсін!

Дақ түспесін жүрегіңе ақ қардай,

Жаңа жылың жаңа бақыт әкелсін!

****

Бақытың лағыл тастай  төбеңде мәңгі сөнбесін! Сүйікті де қымбатты жандарың қасыңнан  бір сәтке кетпесін!

***

Аман болсын отбасың,

Жамандықтан сақтасын.

Жаңа жылдың түнінде,

Бақыт ашсын қақпасын!

***

Кең аспаннан қар жауады жапалақтап. Қар аппақ, сенің ақ көңіліңдей, сүйіктім! Қар алақанға келіп, жылулықтан ериді — бұл менің сені құшағыма алуым! Ерінге түскен қар, ыстық демнен балқиды — бұл менің саған деген ыстық сезімім! Жаңа жылыңмен, Жаным!

***

Жаңа жылға ірі жұлдыздары төгілген көкжиекті сыйлаймын саған, алтыным! Сол жұлдыздармен бірге күн кешіп, ертегі әлеміндегідей таңғажайыпты бірге тамашалайық, менің ең жарық жұлдызым!

***

Сені жылдардың ішіндегі Жаңа 2012 жылыңмен құттықтаймын! Жаңа Жыл саған жаңа қуат, жаңа бақыт, жаңа табыс әкеліп, жағымды жаңалықтарымен таң қалдырсын!

***

Әзіл смс-тер:

Аяз Атаның хайуанаттар бағынан үш маймылы қашып кеткенге ұқсайды: біреуін қазір ғана жаңа жылдық шыршаның астынан тауып алыпты, екіншісі табылмай жатыр, үшінші маймыл осы СМС-ті оқып күліп отыр екен!

***

Дәрігерлердің пайымдауынша, 5 рөмке шарап, Жаңа Жылды ойдағыдай қарсы алуға кедергі келтіреді. Шарапсыз, ойдағыдай қарсы ал! Құтты болсын, бауырым!

***

 Әлемде жеті керемет бар дейді, сегізінші керемет — Жаңа Жыл! Армандар орындалып, Жаңа Жыл кереметін сыйласын!

***

Жаңа жылда,

Жаңа жылдың әр күні,

Жақсы хабарларға,

Жағымды жаңалықтарға,

Күтпеген қызықтарға,

Қуаныш сыйлайтын sms-терге толы болсын!!!


8646 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: АЙНАРА Байжан
Қосылған күні: 22 желтоқсан 2011, 17:33
Пікірлер
+0
23 желтоқсан 2011, 13:11

жаңа жыл келіп қалыпты. бәріңе де тілеймін мен жақсылық!

+0
24 желтоқсан 2011, 14:42

Мен мына смс-терді көшіріп, жана жылда апама,атама, әпкелерім мен мама,папама жіберемін!

+0
27 желтоқсан 2011, 11:47

Күлкімді келтірді смс-тер! Бірақ, осыны көшіріп, хат етіп жіберетіндер баршылық қой!

+0
29 желтоқсан 2011, 17:07

баршылық!

+0
31 желтоқсан 2011, 21:33

Жаңа жыыыыыыыыл! Жаңа бақыт үстемдік құрсын! Еліміз жарылыстан т.б.қауіп-қатерден аман болсын! Көп болып елдің тыныштығын тілейік, шынайы тілектер орындалады демей ме?Елдің тыныштығы - сенің тыныштығың, менің тыныштығым! Берекем! Жаңа жыл ,тек жақсылығыңды бер!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...