Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2012 / Жаңа жыл кешіне арналған дастархан

Жаңа жыл кешіне арналған дастархан

Жаңа жыл кешіне арналған дастархан

           Әдетте үй бикештері жаңа жылға арналған мерекелік дастарханға бар тәттісін үйеді. Қолда бар азық-түліктерден небір тағамдар мен тәтті тоқаштарды жасап, дастарханнан бос орын қалдырмауға тырысып бағады. Мұның сыры — келер жыл молшылық жылы болсын деген ниеттен туады.

           Кез келген жылдың иесі болатыны мәлім. Жаңажылдық дастарқан сол жылдың иесі болып саналатын жануардың бітімі мен болмысына сай келуі маңызды. Жұлдызшылар әрбір жыл иесіне арнап мінездеме жасаған. Соған сүйене отырып, ас мәзірін әзірлесеңіз, бір жағынан қалтаңыз үнемді болса, келесі жағынан артық ас әзірлеп, әуреге салынбайсыз. Ал ең бастысы, жыл иесі сізге бар жақсылығын сыйлайды екен.

         Жаңажылдық отырыстан кейін оған дайындалған үстеліңізден дәм татқан жақындарыңыз асқазан ауыртпалығын сезініп жататын кездер болады. Оның себебі, шектен тыс көп дайындалған ас болса керек. Бұған жол бермеу үшін біздің ұсынып отырған жаңа жылдық ас мәзірімізге мән беріп көріңіз. Құрамы мен дайындалу әдісіне орай, тағамдардың ең дәмділері таңдалған. Бағасы да көңіл көншіктірердей.

           2012 жылдың иесі — ұлу. Олай болса, ұлуға қандай сипаттама берілген екен?

           Ұлу — қорек талғамайтын жәндік. Ол көп нәрсені өзіне азық ете алады. Тек бұл жылдың иесі су ұлуы болып тұр. Соған орай, судың басты жәндігі саналатын балық дастарқанда міндетті түрде болады. Енді қиялыңызға ерік беріп, тағамның сан түрін жасаңыз. Бұл жылды жұлдызшылар қытайдың қара су ұлуының жылы деп атайды. Сондықтан, қытай асханасынан ащы тағамдарды дайындасаңыз да,  ұлу жылы сізге күлімдеп кіреді.

          Ал біз өз кезегімізде жаңа жылға арналған ас мәзірлер қатарын ұсынамыз.

    

          Жыл иесі су ұлуы болғаннан кейін, жұлдызшылар дастарханнан су жәндіктерінің орын алуын жақсылыққа жориды. Ал суда тіршілік ететін негізгі жәндік балық екенін ескерсек, балық тағамы негізгі ас болады. Алайда, қайсыбір қазақ дастарханын еттен жасалған тағамсыз елестету қиын. Еттен дайындалған ас та шетте қалмайды. Балғын көкөністер мен жеміс жидектердің орын алуы заңды. Олар дастарханның сәнін келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар, асқазанның қабылдауына да жеңіл, әрі кешкі астың әдемі нүктесі. Сусындар болса, бөлек тақырып. Салаттардың таңдамалы түрлерін біздің қоржынымыздан табасыздар. Десерт деп жүрген тәттілерді де ұлу жәндігіне ұнайтындай етіп, асқабақтан әзірлейміз. Торт пен тоқаштар — дастарханның ажары. Оларды да қолдан әзірлеген, әлдеқайда ұтымды.

            Massaget.kz сайты әзірлеген жаңажылдық ас мәзірі:

№1  АС МЕРЕКЕЛІК АС МӘЗІРІ


Суреттер www.irsen.biz сайтынан алынған

3130 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: АЙНАРА Байжан
Қосылған күні: 26 желтоқсан 2011, 16:08
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...