Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / Әріптестермен жаңажылдық отырыста өзіңізді қалай ұстайсыз?

Әріптестермен жаңажылдық отырыста өзіңізді қалай ұстайсыз?

Әріптестермен жаңажылдық отырыста өзіңізді қалай ұстайсыз?

Әріптестермен Жаңа жылды атап өту кешін Жаңа жылдан артық болмаса, кем күтпейміз. Бұл кеш сәнді көйлек киіп, әріптестермен бейресми жағдайда әңгімелесудің, Жаңажылдық көңіл күйді сезіну мүмкіндігі. Алайда жұмыстың аты жұмыс, ол кеште артық кетіп, басшылықтың көзіне жаман түсіп қалсаңыз ше?

Бірінші туындайтын сұрақ: Әріптестермен жаңажылдық отырысқа бару керек пе? Қалай болса да, бұндай кештен бас тартқан дұрыс емес. Бұл кеш тек көңілді отырып, қарын тойдыруға ғана арналмаған. Бұндай отырыс бүкіл әріптестерді біріктіріп, бір отбасы сезіндірудің амалы. Алайда қандай да бір жағдайлармен уақытыңыз тығыз болып немесе кеште отыруға көңіліңіз болмаса, отырысқа кіріп-шығып бір сағат шамасында отырсаңыз да, жеткілікті. Осылайша әріптестеріңізге құрмет көрсетіп, өз шаруаларыңызға да үлгересіз.

Не киемін? Бұл сұрақты ерекше атап өту керек. Бастысы - артық кетпеу. Тым жарқын түстер, ашық көйлектерді достарыңызбен өткізетін кештерге қалдырыңыз. Ресми классикалық киімдер де орынды болмайды. Сәнді, сымбатты көйлек таңдаған дұрыс. Алайда жұмыста карнавал кеші болса, ерекше костюм табуға тура келеді. Макияж бен шаш сәніңіз жайлы басынан ойланып қойыңыз. Аяқ асты шашты бояу, тым жарқын макияж жасамаңыз. Тәжірибе жасағанша, үйреншікті макияжбен барған жөн.

Сонымен отырыс басталды... Кеш қаншалықты көңілді өтіп жатса да, сіз әріптестеріңіз бен басшылық арасында екеніңізді еш уақытта ұмытпаңыз. Артық ішімдік ішіп, көзге оғаш түсіп қалмаңыз. Бейресми жағдай, көңілді отырыс пен мерекелік көңіл-күй әріптестеріңізбен әңгімелесіп, артық сөздерді айтып қоюдың себебі болмасын. Басшылықпен де керекті дәрежеде сөйлесіп, кімнің кім екенін ұмытпаңыз. 

Жұмысты ұмытыңыз. Онсыз да жұмыстан шаршаған әріптестеріңіздің арасында отырғанда жұмыс жайлы тақырып қозғамаған жөн. Бәріне ортақ, бейтарап тақырыптар іздеңіз. Ешкімді сөз қылмай, өсектерден абай болыңыз.

Бұл жерде ешкімді танымаймын деп бұрышта тығылып отырған дұрыс емес. Келдіңіз бе, ендеше неліктен демалмасқа? Тамақ ішіп, ойындарға қатысудан ұялмаңыз. Жақын әріптестеріңіз ортасында отырып, тілек айтып, демалыңыз.

Әріптестермен мерекелік отырыс өзіңізді ұстап, артық кетпей, орынды сөйлеп, киіне білсеңіз, көңілді, ұмытылмас кешке айналады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

865 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 26 желтоқсан 2012, 17:25
Пікірлер
+0
26 желтоқсан 2012, 17:33


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жарияланды
26.12.2012




Шымкент қаласына жақын жерде әскери-көлік ұшағының апат болуы салдарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2012 жылғы 27 желтоқсанда ұлттық аза тұту жариялансын.

+0
26 желтоқсан 2012, 17:33

Қайран корпоративка :roll:

+0
27 желтоқсан 2012, 00:08

Біздің отырыс супер өтті) Биді өлтірдік. Караокемен ән де шырқадық. Солай :mrgreen:

+0
27 желтоқсан 2012, 09:23

Корпоративка болмайды бізде (((

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...