Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / Жаңажылдық сценарийлер

Жаңажылдық сценарийлер

Жаңажылдық сценарийлер

Көпшілік жаңа жылды жыл сайын бір сценарий бойынша қарсы алады. Шырша, дастархан, теледидар. Дегенмен, бұл дәстүрді өзгертіп, әр жаңа жылды есте қаларлықтай қарсы алу өз қолыңызда. Сондықтан, назарыңызға бірнеше жаңажылдық сценарий ұсынамыз.    

1. Жаңажылдық классикалық сценарий

Бұл стильдегі мереке жаңа жылды дәстүрлі түрде тойлауға толығымен сәйкес келеді. Зал гирлянда, шармен безендіріліп, төрге сұлу шырша жайғасады. Концерттік бағдарлама «жұлдыздардың», түрлі өнерпаздардың өнерінен құралады. Іскерлік костюм киген жүргізуші әдеттегі ойындарды ұйымдастырады.


2. Африкалық жаңажылдық сценарий

Есте қаларлық сценарийдің бірі осы. Жаңажылдық кеш өтетін орын африкалық стильдегі гүлдермен, шырмауықтармен, экзотикалық жемістермен (кокос, ананас, банан), үлкен тоты құстармен безендіріледі. Қонақтарды маймылы бар  айуандарды үйретуші әдемі бойжеткен қарсы алады. Зал ішінде зулус пен маймыл костюмдерін киген аниматор-қыздар жүреді. Жүргізуші – арнайы тылсым үйшікте тұратын (егер орын жеткілікті болса) африкалық жұмбақ бақсы (Аяз Ата да өзі). Үстіне ягуардың терісін киіп алады. Ақша қар –  қысқа көйлек, теріден тігілген бөрік пен етік киген нағыз сұлу Ақша қар. Бірақ – қара нәсілді қыз! Барлық ойын-сайыстар мен концерттік бағдарлама «Африка» тақырыбында таңдалып немесе осы стильге келтіріледі.        

3. 2011 жыл қорытындысы бойынша марапаттау салтанаты

Зал безендірілуі мен мереке сценарийі атақты марапаттау салтанаттарына ұқсастырылып жасалады. Мұндай үлгідегі шарада концерттік нөмірлер мен сайыстарға үзіліс жариялауға мүмкіндік болады. Жүргізушілер кешкі көйлек киіп, музыка арнайы таңдалып, қойылымдық көріністер мен әсерлі заттар (шар жаңбыры, отты су бұрқақтар) мерекенің сәнін келтірмек. Табысталатын мүсіншелерге (гипс не металдан жасалған) сіздің компанияңыздың стиліндегі фирмалық белгілер салынады. Тек мереке ұйымдастыру ғана емес, team building-ті көздеген мекеме үшін бұл сценарий өте ұтымды болмақ. Себебі, шараға дайындық кезінде-ақ бүкіл ұжымды осы іске жұмылдыруға болады. Қызметшілерге дауыс беру жасау, аталымдар ойлап табу т.б. ұсынылады.

 

4. Чикаго

Бұл сценарий бойынша ұйымдастырылған мереке сөзсіз әрбір қонақтың есінде қалады. Сағындырған «Құрғақ заң» кезі...Сигара таситын тартымды қыздар, кербез ала костюм мен қара қалпақты жүргізуші, жібек көйлек киген маужыраған әнші және де, әрине, «Чикаго» мюзиклінен үзінділер. Мұндай кештің басты сөзі - «сәулетті»


5.     Жаңажылдық кештің жапондық сценариі   

Мереке сәнді жапон тақырыбында ұйымдастырылады. Бұл кеш барысында қонақтар шай құю рәсіміне қатысып, татамиде күш сынасып, суши дайындалуын тамашалап, ерекше музыка тыңдап, иероглифтердің тылсым күшімен танысып, белгілі бір тілек суреттелген уақытша татуировка салдыру мүмкіндігіне ие болады. Жапондықтар «бұл тілектер әрқашан орындалады», - деп қатты сенеді екен.

Келе жатқан жаңа жылда барлық тілектеріңіз орындалсын!


 6.     Көршілермен ортақ жаңажыл

Жаңажылдық түні жыл сайын сағат тілі 12.00-ге келгенде, сыртқа шығып, отшашу ату дәстүрге айналған. Әрине, әркім қалтасына қарай көсілетін анық. Ал бар-жоқпен санаспайтын кішкентай балалар үшін бұл үлкен таңғажайып мереке. Сондықтан балапаныңыз желтоқсан айының екінші жартысында көшеде, дүкенде аяқ алып жүргісіздей толып тұратын қытайдың кішкентай отшашуларынан айтарлықтай үлкен әсер алмауы мүмкін. Біздің ұсынысымыз: көпқабатты үйде тұрсаңыз, ортақ аулаға, жер үй болса, ашық алаңға көршілеріңізбен бірге шығып, ортақ мереке ұйымдастырған тиімді. Бәсекелесіп, жеке кішкентай отшашулар жаққаннан гөрі, ортақ үлкен отшашуды ұзақ уақыт бойы бірге тамашалаған тиімді, көңілді, әдемі болмақ.


Ол үшін ата-аналар болып, алдын ала келісіп, ақша жинау қажет. Мұндай отшашудан кейін сыртта балаларыңызбен бірге түрлі ойындар ұйымдастыруға болады.


Кеңес: жалғызбасты адамдарды да құттықтап, ортақ мерекеге шақыруды ұмытпаңыз. Ондай адамдар арамызда өте көп, ал жаңа жылда жаңа достар табуға олар қуана келіседі деп сенеміз. 

Суреттер: artleo.com, newyear.enjoy.ru, pirog.od.ua, alfa-alfa.at.ua, yauza-palace.ru, diary.ru

5637 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 23 желтоқсан 2012, 14:20
Пікірлер
+0
23 желтоқсан 2012, 18:48

Afrikalyk scenari unap tur

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...