Жылдың сәнді қорытындысы

Жылдың сәнді қорытындысы

Жаңа жылды бастамас бұрын, өткен жылға қорытынды жасау - жақсы дәстүр. Ендеше осы жылды тәмамдап, 2013 жылды таза парақтан бастайық. Ал 2012-нің қорытындысын шығаруға өздеріңіз көмектесіңіздер.

Жылдың сәнді оқиғасы

Сән әлемі түрлі оқиғаларға толы. Сәнді үйлер көрсетілімдері мен жаңа дүкендердің ашылуы, сән сайыстары да елімізде кең жайылды. Солардың арасындағы ең елеулі оқиғалар мынандай болды.

Kazakhstan Fashion Week апталығының өтуі. Дәстүрге айналған сәнді шара күткендей үлкен көңіл аударды. Көрсетілімге атышулы отандық, шетелдік дизайнерлермен қоса, дарынды жастар да қатысты. Жалпы, апталық жақсы өтті деген баға берілуде.

Алматыда Louis Vuitton дүкені ашылды. Орта Азиядағы Louis Vuitton-ның алғашқы дүкені болғандықтан, бұл жайт назарымыздан тыс қалмауы керек. Тарихы бар әйгілі трендтің дүкені біздің де қасымызда ашылуы, бізді жоғары сәнге жақындатқандай болды.

«Мисс Қазақстан-2012» сайысында Шымкент қаласының 21 жасар студент аруы Жазира Нұрымбетова жеңіске жетті.

Жылдың ең сәнді тренді

Сәнді дизайнерлер жыл сайын жаңа трендтер ойлап тауып, бізді таңқалдыруда. Алайда арасынан көпшіліктің көңілінен шығып, нағыз трендтерге айналған қандай сәнді заттар бар? 

Сонау көктемнен басталып, жаз бойы сәнді болған "пастель түстерінің" тізесі шығып та үлгерді.

Купить на YOOX.COM

Артынан неон түстеріне ұласып, қанық қызғылт, ашық жасыл түстер жан-жақтан жарқырады.

Ұзын етекті белдемшелер осы жылы да сәннен шықпады. Бұл жолы алды қысқа, арты ұзын түрлері ерекше сәнді болды. 

Хипстер стиліндегі көзәйнектер, жалпы осы стиль ерекше танымал болды.

Жағасы металл қысқыштар, түйрегіштермен әшекейленген жейделерді де атап өтпеу мүмкін емес.

Ең сәнді жұлдыз

Еліміздің танымал адамдарының стильдері жылдан-жылға шыңдалып барады. Осы жылы кім ерекшеленді?

Динара Сәтжан

Танымал жүргізушінің талғамына еш мін айта алмаймыз. Құрбысы Аида Кауменованың киімін таңдайтын жұлдыз әр уақыт өте сәнді көрінеді.

Лидо

Kazakhstan Fashion Week-та өзінің топтамасын көпшілікке көрсетіп, дизайнерлік ісін бастаған Лидо әр уақыт жоғары талғамы мен табиғи әсемдігін дұрыс көрсете білетін жан.

Мадина Сәдуқасова өзінің табиғи сұлулығымен көздің жауын алады. Ал ерекше киімдер оған одан да көп көңіл аудартады.

Сіз қайсысына дауыс бересіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: facebook.com, vk.com.

С. А