Жаңа 2013 жылға арналған 13 гаджет-сыйлық

Жаңа 2013 жылға арналған 13 гаджет-сыйлық

Жаңа 2013 жылдың келуіне де аз уақыт қалды. Бұл тамаша мерекеде ағайын-туыс, дос, құрбыларыңызға сыйлық жасауды ұмытпаңыз. Көпшілікті «Жаңа жылға не сыйлау керек? Қалай құттықтауға болады? Қандай девайс немесе гаджет таңдауға болады?» деген сұрақтар мазалайды. Бұл маңызды сұрақтарға біз жауап беруге тырысамыз! Біз сіздерге жаңа 2013 жылға арнап 13 түрлі сыйлық топтамасын ұсынамыз! Сонымен таныс болыңыздар!

1

1. Apple iPhone 4

Орташа бағасы - 150 000 теңге

Ең тамаша сыйлық! iPhone 4 ең тамаша сыйлық екендігі даусыз! Тот баспайтын металдан және мықты әйнектен жасалған өте керемет корпус. Дисплей мүмкіндігі 640 x 960 пиксель. 

5

2. HTC Desire HD

Орташа бағасы - 135 000 теңге

Телефондардың ішіндегі таңдаулысы. Android негізінде жұмыс жасайды. Super LCD дисплейі, 8- мегапиксельді камерасы және Qualcomm MSM 8255 гигагерцті процессоры бар түрін алсаңыз тіптен керемет.

7

3. Apple iPad

Орташа бағасы - 100 000 теңге

iPad армандаушыларына арналған ең тамаша жаңажылдық сыйлықтардың бірі. Гаджет YouTube видеоларын HD сапада көрсетуге мүмкіндік береді. Дисплей IPS технологиясымен жасалған. Ол Apple-дің ең алғашқы процессоры (Apple A4) негізінде, 1 ГГц жиілігінде жұмыс жасайды. Жады да әртүрлі: 16, 32 және 64 ГБ. Wi-Fi 802.11n және Bluetooth 2.1+EDR пайдалансаңыз болады. Акселерометр және электронды компасы бар. 

Салмағы: 680 грамм. Планшет қалыңдығы: 1,27 сантиметр. Жұмыс жасау кезіндегі қуаты 10 сағатқа дейін жетеді. 

8

4. Samsung Galaxy Tab

Орташа бағасы — 160 000 теңге

iPad-ты жаны қош көрмейтін тұтынушыларымызға біз Samsung Galaxy Tab планшетін ұсынамыз. Алмалы компаниясына бірден-бір бәсекелес болып табылатын да осы Samsung. Galaxy Tab - 7 дюймді экраны бар, Google Android 2.2 операциондық жүйесінде қызмет жасайды. Сондай-ақ ол телефон байланысымен де қамтамасыз етеді. Әрине мұндай алыпты құлағыңызға жақындатудың өзі күлкілі. Сондықтан гарнитура пайдалансаңыз болады. Екі камерасы және microSD карточкасын пайдалану мүмкіндігі бар. 

24

5. Xbox 360 Kinect бақылаушысымен

Орташа бағасы:  85 000 теңге

Xbox 360 Kinect бақылаушысымен бұл кішкентай балалар сыйлығы деп ойлап қалмаңыз. Kinect-пен теледидар алдында үлкендер де ойнап кетеді. Kinect компьютерлік ойындардың жаңа түрі болып табылады, бұл «бақылаушысыз ойын бақылаушысы». Оның көмегімен дене күйі, көрсетілетін объектілер және суреттер, ауызша командалармен байланысуға болады. Басқаша айтқанда, мысалы боулинг ойындарында жерден шар алып және оны алға итеру керек болса, ал Kinect дауыспен, мимика және дене қозғалысымен қызмет атқарады.

89

6. Microsoft Xbox 360 Slim

Орташа есеппен бағасы: 55 000 теңге 

Microsoft Xbox 360 Slim 250Gb – бұл жоғары технологиялық ойын приставкасы. Жиынтығына үш үлкен жүктелінген ойын кіреді: Halo Reach, Gears of Wars 2 және Fable III. Жоғары классты сымсыз геймпад арқылы достарыңызбен тез тілдесуге және әуен тыңдауға болады. Ішкі диск көлемі 250 Гб, ойындар, фильмдер, әуендер тыңдауға тамаша мүмкіндік.

36

7. Maks Плюшкин электронды жинақ сандықшасы

Орташа бағасы: 4000 теңге

Maks Плюшкин электронды жинақ сандықшасында шошқаның арқасын ойып жасаған тесігі бар, оның ішінде қазіргі заманғы функциональды құрылғы жасырылған. Жинақ сандықшаның корпусындағы кішкене терезеден сандықшада қанша ақша жиналғандығы туралы мәліметті көруге болады.

Maks Плюшкин электронды жинақ сандықшасы ақша қабылдаған кезде дыбыстық сигнал шығарады.

86

8. Электрондық кітап Explay TXT.Book.B70

Орташа есеппен: 10 000 теңге

Егер сіздің жақын досыңыз кітап оқығанды жақсы көрсе, бұл сіз үшін таптырмас сыйлық болар еді. Оның көлемі өте ықшамдалған және кез келген жерге өзіңізбен бірге алып жүруіңізге өте ыңғайлы.

Explay TXT көмегімен EPUB, PDF, TXT, FB2, PDB, HTML форматтарындағы мәтіндерді оқуға, видеоларды WMV, RM, AVI, RMVB, 3GP, FLV, MP4, DAT, VOB, MPEG-1, MPEG-2, MPEG-4, MKV (720p), MOV, REAL MEDIA, H.264/AVC,SORENSON H.263 форматтарында көруге, JPG, BMP, GIF, PNG фотосуреттерін тамашалап, сонымен қатар MP3, WMA, FLAC, AAC, WAV, OGG форматтарында әуендер және де FM-радиосын да тыңдауға болады.

87

9. Sony PlayStation Portable Base Pack PSP-E1008

Орташа есеппен бағасы: 25 000 теңге

Көлемі ықшамдалған және дизайны керемет үйлестірілген, 4,3 дюймды дисплеймен, үш өлшемді кестені бейнелейтін қуатты процессорымен жабдықталған. Жаңа жылға тамаша сыйлық болатыны сөзсіз.

Экраны: 4,3 дюймды. Процессор: PSP CPU MIPS R4000, 333 МГц. Оперативті есте сақтау көлемі (RAM): 32 Мб. 

Memory Stick PRO Duo. Корпус көлемі: 172.4х73.4х21.6 мм. Салмағы: 223 грамм (батарейкасымен).

554444

10. Дизайнерлік флешкалар

Орташа бағасы: 5 000 теңгеден басталады.

Соңғы кездері дизайнерлік флешкалар кең қолданысқа ие. Қазір олар имидждік аксессуарлар қатарына кіреді.

Сыйлықтың әдемі, функциональды, бірегей болғаны дұрыс. Аталған флешкалар осы талаптарға әбден лайық. 

Осылардың ішіндегі ең негізгісі LaCie флешкасы, кілт түрінде жасалынған (CooKey), сонымен қатар көлемі көрсетілген тиын тәріздес флешка (CurrenKey). Флешка өте әдемі және тым қымбат емес сыйлық!

Сыйымдылығы: 4 , 8, 16 ГБ. Корпус материалы: металл

Мәліметтерді жіберу жылдамдығы (оқу/жазу): 30/10 МБайт/с. Габариті: 80x35x4 мм

9

11. Apple iPod nano 6

Орташа бағасы : 23 000 теңгеден бастап

iPod nano 6g – бұл дүниежүзілік әйгілі Apple компаниясының үздік өнімдерінің бірі. Ол аз уақыттың ішінде өзінің керемет дизайны, түстерінің әртүрлігі және аудио-бейне файлдарды жоғары сапамен ойнатуымен тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды.  

iPod nano 6g шағын және пайдалануға өте қолайлы өлшемдерге ие. Девайстың негізгі пішіні - квадрат. Панелі де өте жұқа, салмағы да жеңіл. iPod nano 6g барлық баптаулары түсінікті менюмен және сенсорлы экранмен жабдықталған. Сондай-ақ құрастырушылар оған дыбысты реттеу мақсатымен қосымша тағы үш батырма қосқан.  

32

12. Сыртқы қатқыл диск LaCie Starck Mobile USB 3.0 500 GB

Орташа бағасы: 17 000 теңге

Егер сізге сыйлыққа флешка беру аздық етсе, онда қатқыл диск нағыз жаңажылдық сыйлыққа әбден лайық. Оның үстіне HDD LaCie дизайнерлік корпусында болса. Дизайнға барынша назар аударушылар үшін бұл нағыз тосын сый. Бағасы да қолайлы. 

Сыйымдылығы: 500 ГБ. Алюминийден жасалған 2 мм корпусы бар. Мәліметтерді жіберу: USB 3.0 5 Гб/с дейін; USB 2.0 ден 480Мб/с дейін.

Өлшемі: 92 x 133 x 20 мм. Салмағы: 337 г

54

13. Jabra Stone 2 Bluetooth-гарнитурасы

Орташа бағасы: 16 000 теңге 

Меніңше, Jabra Stone 2 - Bluetooth-гарнитуралардың ішіндегі ең лайықтысы. Bluetooth-гарнитураны бұрын пайдаланып, кейін белгілі бір себептермен одан көңілі қалғандарға ол ойын өзгертуге мүмкіндік беретін тамаша гаджет. Дауыстың сапасы да жоғары. Анық әрі таза. Оның үстіне гарнитура абонент есімін де айта алатын мүмкіндігі бар. Тағы да A2DP қолдана оытрып, екі құрылғыға бірдей қосыла аласыз. 

Моно Bluetooth-гарнитурасы. Дыбыстық теру қызметі бар. Салмағы - 7 г. Bluetooth 2.1

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: logmag.net, yamobi.ru

Б. Қосмағамбет