2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Таразы

2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Таразы
  • Нәзік жандыларға 

Сіз үшін осы жыл, әсіресе алғашқы жарты жылдық - ең бақытты кезең. Барлық қиындықтың шешімі оңай табылып жатқандай. Спортпен шұғылдануға таптырмайтын уақыт болғалы тұр. Йогамен айналысыңыз, не фитнес клубқа жиі бас сұғыңыз. Үйіңізге және отбасыңызға көп уақыт бөліңіз.

  • Ерлерге

Сіз үшін жылан жылы бизнес саласындағы шешімі жоқ сұрақтардың оңтайлы жауаптары табылып, сәттілік орнайтын жыл болғалы тұр. Көктем - таңғажайып романтикаға толы кездесулерге толы мезгіл. 

Жеке өмір

  • Нәзік жандыларға 

Жылан жылындағы махаббат сізге күтпеген тосын сый дайындап тұр. Күтпеген жерден пайда болған сезімдер романтикалық кездесулердің дәнекері болмақ. Нәтижесі де жаман емес. Егер бұрыннан таңдағаныңыз бар болса, онда жыл басталысымен-ақ сіздерді бұрынғыдан да тәтті сезімдер күтіп тұр. Ал егер әлі күнге дейін басыңыз бос болса, онда алғашқы жырты жылдықта ғашығыңызды табуыңыз әбден мүмкін. 

  • Ерлерге

Жылан жылы сіз үшін сезімге ерік беретін жыл болмақ. Егер әлі отбасын құрмасаңыз, көктем айында іске көшесіз. Сәтті кездесулер үйлену тойына дейін апаруы мүмкін. Жазда бір айлық демалысқа шығып, екеуіңіз жұрттан жыраққа кетіп тынығып келгендеріңіз дұрыс.

Жұмыс және карьера

  • Нәзік жандыларға 

Қазір бәрі бір қалыппен жүріп жатыр. Жыл басталысымен-ақ сізге күнделікті мәселелерді шешуге тура келеді. Аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Бірақ бәрі өткінші екенін ұмытпаңыз. Көктемде, әсіресе мамыр айында жұмысыңызға ерекше көңіл бөлесіз. Маусым айынан бастап карьераңыздың өсуіне жол ашылмақ. Сонымен қатар, басқа жақтан ұсыныстар келіп түсуі мүмкін. Бәрінің байыбына барып ойланыңыз. Егер жеке бизнесіңіздің алға басқанын қаласаңыз, онда барлық сәттілікті қараша айынан күтіңіз.

  • Ерлерге

Жылан жылында карьера баспалдағымен өсу барысында сіз кез келген жұмысқа көнуіңіз мүмкін. Жаныңыз қалаған жұмыспен айналысуға кеңес береміз. Наурыз айында аяқсыз қалған жұмыстарыңыз маза бермеуі мүмкін. Сіз бәріне үлгересіз! Осыған сеніңіз, өзгені де сендіріңіз!

Сіз сүйетін жан

  • Нәзік жандыларға 

Сізге шешім қабылдауда шорқақтық танытпайтын мықты да өз-өзіне сенімді жігіт керек. Бірақ сіз жыл басында жартыңыздың материалдық мүмкіндігін көп сынайсыз. Ал екінші жарты жылдықта сүйгеніңіздің рухани байлығын көп бағалайтын боласыз. 

  • Ерлерге

Сізге өзіне не керектігін жасырамай айтатын ашық мінезді ару керек. Екінші жарты жылдықта сізге қамқор да мейірбан жан жолығуы әбден мүмкін. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: myzodiak.info

А. Әбілхан