Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / Жаңа Жыл: Сүйіктіме қандай сыйлық жасаймын?

Жаңа Жыл: Сүйіктіме қандай сыйлық жасаймын?

Жаңа Жыл: Сүйіктіме қандай сыйлық жасаймын?

Жаңа Жыл келді дегенше, «Сүйіктіме қандай сыйлық жасаймын?» деген сұрақтың шырмауына түстім дей беріңіз.  Өйткені жаңажылдық сыйлық – мерекелік атмосфераны қалыптастырып қана қоймай, сіздің көңіліңізді, қамқорлығыңызды, нәзіктігіңізді танытады. Сондықтан сыйлық таңдау оңай шаруа емес. Дұрыс таңдалмаған сыйлық – сіздің талғамыңыздың нашарлығын, қарым-қатынастарыңызға деген немқұрайлылығыңызды білдіреді. Мұндай олқылықтардан қашу үшін бәріне де аса жауапкершілікпен қараңыз және сізге арналған кеңестерімізге құлақ түріңіз демекпіз.

Жігіттер қауымына:

Дүкенге жол тартпас бұрын тарту еткелі отырған сыйлығыңыздың - сыйластық пен махаббаттың нышаны екендігін ескеріңіз, сондықтан қызыңызды ренжітетіндей затты таңдауға болмайды. Яғни, үй шаруасына қажетті – кәстрөл, шәйнек немесе тұрмыстық құралдар болмауы тиіс. Әрине, мұндай заттар пайдалы, бірақ жаңажылдық сыйлыққа жарамайды...

Нәзік жандыларға арналған ең танымал сыйлықтар - иіссу, боянатын заттар және ойыншықтар. Сапалы иіссу немесе жақсы косметика – жаңажылдық сыйлыққа жарайды. Бірақ мұнда мұқият болу керек. Қызыңыздың талғамын жақсы білмейтін болсаңыз, бұл қадамға барудың қажеті жоқ. Талпынысыңыз бағаланбай, кештің шырқын бұзып аласыз...

Әдетте жұмсақ ойыншықтар – аруларымыздың таңқалысын тудырып, жүзіне күлкі ұялатып жатады. Егер қызыңыздың мұндай «достары» бұрын да бар болса, бұл сыйлықты сатып алуыңыз орынсыз болмақшы.

Жо-жоқ! Еңсеңізді түсірмеңіз! Сыйлықтар легі әлі алда.

Қолыңызға қондырғалы жүрген бақыт құсыңызды шын қуантып, тәнті етудің тағы да бір жолы бар, ол үшін бойжеткеннің жеке қызығушылықтарына, айналысатын ісіне, танымына ерекше назар аударыңыз. Ешбір қыз бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан сыйлық қыздың таңдауы мен талғамына сай келіп тұрса, сіздің де мақсатыңыздың орындалғаны болады.

Ол іскер және салмақты жандардың қатарында болса, оған былғарымен қапталған әдемі күнделік, әмиян немесе қымбат қаламсап жарайды.

Ол сән мен стильге қызығатын арулардың қатарында болса, жібек шәлі немесе орамал, әдемі безендірілген натуралды теріден жасалған сөмке, қол сағат немесе сәнді аксессуарлар, бижутериялар «қатып» кетеді.

Ол меломанка болса, стильді MP3-плеер, үнтаспалар жинағы, құлаққаптар, миниатюралық радио т.б алуыңызға әбден болады.

Ол автокөлік жүргізудің шебері болса, сүйікті көлігіне GPS навигатор, автомагнитол, ноутбук қойғыш, ұялы телефон ұстап тұрғыш, қысқасы көлігінде жеткіліксіз болып жүрген бұйымды тарту етсеңіз, мәз болып қалады.

Ол суреттер жинаумен, суретке түсірумен айналысатын болса, креативті альбомдар, суретке арналған рамкалар да жарайды. Және кез келген қыз баласына керемет бір кітап сыйлау орынды, кітап та оның қызығушылықтарына сай болуы керек: дизайн, гүл өсіру, саяхат, мәдениет тақырыбындағы немесе көркем әдебиет тарту етсеңіз де болады.

Ол романтиканы жанындай сүйетін болса, әдемі мүсіншелерді, жүрек пішініндегі естелік заттарды, екеуіңіздің бірге түскен суреттеріңіз бен ыстық тілектер жазылған күнтізбе, футболка, ыдыс және міндетті түрде гүл шоғын ұсынып, әдемі өлең жолдарын оқыңыз. Романтикалық тосын сыйлар ұйымдастырсаңыз, нұр үстіне нұр болмақ. Бұл жерде барлық сенімді өзіңіздің қиялыңызға артуыңызға тура келеді.

 

Әрбір қыз баласына сырға, жүзік, жұлдызнамасы бейнеленген кулн сынды әшекей бұйымдар артықтық етпейді, керісінше сұлулығына сұлулық қосып тұрады.

Бәрін айт та бірін айт, кішкентай ойыншықтар, тәттілер, ваннаға арналған керек-жарақтар, естелік заттар, кеңселік заттар толтырылған «жаңа жылдық себет» - сүйіктіңіздің басын шайқатып, таңдайын қақтыратындығына сенімдіміз.

Айтпақшы, қызыл раушан гүлі – кез келген сыйлықтың әрін келтіріп тұрады.

Нәзік жандыларға:

Қыздарға қарағанда жігіттер қауымына сыйлық таңдау әлдеқайда қиынырақ болып келеді. Сондықтан жігітіңізден бұрын ертерек қимылдағаныңыз абзал. Іске кіріспес бұрын, кеңестер әлеміне бір сүңгіп алыңыз.

Төрімізден орын алғалы отырған жылдың иесі жылан – байлық пен молшылықтың нышаны болғандықтан, жылан бейнеленген әмиян, сурет, футболка кез келген ер жігітке сай келеді. Немесе шағын жылан мүсінін де тарту етуге болады.

Төлегеніңізді сізден жақсы білетін ешкім жоқ. Сіз оның армандары мен мақсаттарынан хабардарсыз. Есіңізге түсіріп көріңізші. Ол шетелдегі үлкен виллалардың бірінде тұруды, беделді компанияда қызмет етуді армандайтын болса, қолыңыздан келер қайран жоқ. Есесіне алыс-жақын шетелдердің біріне билет алып, мерекені сонда қарсы алсаңыздар, ғанибет емес пе?

Әрине, мұндай сыйлық жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Бәрі ақшаға ғана емес, бос уақыттың жоғына да байланысты... Олай болса, тағы не сыйлауға болады? Романтикалық сыйлықтар ше? Сіз бен сүйіктіңіздің міндетті түрде ұнататын ортақ әндеріңіз болуы керек. Есіңізге түсті ме? Сондай әндердің бірнешеуін жинап, шағын жинақ шығарыңыз. Дыбыс жазу студиясына бас сұқсаңыз, бәрін бір үнтаспаға жазып, сіздің талғамыңыз бойынша әрлеп, безендіріп береді. Үнтаспаның сыртын ыстық тілектеріңіз жазылған әдемі қапшықпен қаптап қойыңыз. Сыйлық дайын!

Бұдан басқа, жігітіңіз ұнатып қана қоймай, керегіне жарата алатын пайдалы сыйлықтар туралы да ойланып көріңіз. Мұндай сыйлықтардың қатарына кейс, қолшатыр, әмиян, сағат, қолғап, күл сауыт т.б жатады. Саяхатқа шығуды жанындай жақсы көретін азаматтарға карта, дүрбі, жол дорбасын, термос, рюкзак тарту етсеңіз, көңілінен шығасыз.

Жаңажылдық сыйлықтың көмегі арқылы бекзадаңызға деген махаббатыңыз бен қамқорлығыңызды жеткізе аласыз. Тоқыма өнерін жақсы меңгерген болсаңыз, тіптен тамаша! Қолдан тоқылған әдемі шәлі немесе жемпір тарту етсеңіз, жігітіңіз дән риза болмақ. Немесе дүкендерден әдемі галстук пен оның қыстырғышын және қымбат жеңілгектер сатып алыңыз. Екеуіңіз бірге өткізуді жоспарлап жүрген мерекелік кешке арнап өз қолыңызбен дәмді торт пісірсеңіз керемет болады.

Шын көңілмен таңдап алған сыйлығыңызға шын жүректен шыққан тілек пен ниетті қосар болсаңыз, бұл мереке екеуіңіз үшін де сәтті болмақ. Сүйіктіңізбен өткізген Жаңа Жылдық кеш - бақытты сәттер мен шат-шадыман күлкіге толы болсын!

Жақындарыңызға не сыйлауға болатыны туралы мына жерде айтып өткенбіз.

 

 Суреттер:euronews.com,liveinternet.ru,foto.prikolisti.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4393 7
Рейтинг: +5

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 21 желтоқсан 2012, 03:39
Пікірлер
+0
21 желтоқсан 2012, 09:33

Қандай сыйлық ұсынам деп әлі де ойланудамын :roll:

+0
21 желтоқсан 2012, 09:59

Дайындау керек

+0
21 желтоқсан 2012, 11:10

Щыныменде сыйлық таңдау өте қиын :!:

+0
21 желтоқсан 2012, 12:37

Әлі сыйлық қарауға шықпадым.

+0
21 желтоқсан 2012, 13:14

басым қатып жүр. Көп таңғала бермейтін қыз еді

+0
21 желтоқсан 2012, 19:33

өзіңіз сыйлықсыз ғой оған ;)

+0
22 желтоқсан 2012, 21:30

дұрыс екен)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...