2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Шаян

2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Шаян
  • Нәзік жандыларға

Келер жыл сіз үшін ең бақытты жыл болғалы тұр. Ал бақыт деген ұғымға не кіруші еді? Әрине, денсаулық, махаббат, сәттілік, және т.б. Оптимизмнен қашпай, тек позитивті күн кешуге тырысыңыз. Жаныңыздағыларды таңдандырып, тек күліп жүріңіз. Жоқ, жалғандықтың еш керегі жоқ. Бәрінің тек шынайы болғаны дұрыс. Егер балаларыңыз болса, оларға көп уақытыңызды жұмсаңыз. Олармен біргге киноға барыңыз, ойнатыңыз. Сабағын қадағалап, тәрбиелік маңызы бар кітаптар оқытыңыз. Ал ана болуды жоспарлап жүрсеңіз, онда ол жоспарды осы жылдан кейінге қалдырмаңыз. Алғашқы жарты жылдықта көп уақытыңызды отбасыңызға бөліңіз. Ал екінші жарты жылдықта сіз бұрыннан қолға алмақ боп жүрген шаруаңызды іске асыруға бел байлайсыз. Сізде бұрын-соңды болмаған белсенділік пайда болады. 

  • Ерлерге

Сіз шығарып салған жылдан қалған сенім келер жылы біраз істің басын қайырып тастауға жетеді. Өзіңіздің сүйіктіңіздің керемет махаббатына ие болу арқылы қоғамда да дәрежеңіз өспек. Шектен тыс өркөкірек болуды доғарыңыз. Егер бұл мінезіңізге тұсау салмасаңыз, біраз жақсы адамдармен байланысыңыз үзіліп қалу қаупі туып тұр.

Жеке өмір

  • Нәзік жандыларға

Жылдың ең керемет кездері сіздің романтикалық кездесулеріңізбен байланысып жатыр. Егер сіздің бұрыннан жартыңыз бар болса, онда сіздер өз қарым-қатынастарыңызды осы жылы нақтылай түспексіздер. Махаббатпен өмір сүріңіз және қандай да бір болып жатқан тылсым дүниеге таң қалушы болмаңыз. Сізді алда көптеген тосын сыйлар, таңғажайып саяхаттар күтуде. Егер сіз осы уақытқа дейінгі өміріңізді сүйікті жаныңызсыз өткізіп келсеңіз, екінші жарты жылдықта, не жыл аяғында оған жолығасыз. Бірден жарасып, үй болып кетпесеңіздер де, алғашқы кездесу аз нәтиже бермейді. Бәрі өз қолыңызда. Өз сезімдеріңізбен, өзгенің сезімімен ойнаушы болмаңыз. Салмақты қатынас үшін сабырлылық керек-ақ. Некеңізді қиюға қараша айында келісім берсеңіз, тіпті тамаша болмақ.

  • Ерлерге 

Сіз нағыз шешуші кезеңге жеттіңіз. Ал егер әлі жартыңызға жолықпаған болсаңыз, онда бақытыңызды осы жылдан күте беруіңізге әбден болады. Барлық күдік пен күмәннан арылыңыз да, мына өмірде махаббаттың барына және ол ерте ме кеш пе сізге де келеріне сеніңіз. Ғашығыңызбен кездесуге мұқият дайындалыңыз. Оның алдында өз құныңызды түсіріп алмаңыз. Оны сыйлаңыз да, өзіңізді де сыйлата біліңіз. Тек махаббатпен, шынайы сезіммен ойнаушы болмаңыз. Егер отбасын құруға дайын болсаңыз, некелесуді күз мезгіліне жоспарлаңыз.

Жұмыс пен мансап

  • Нәзік жандыларға

Егер сіз шығармашлық адам болсаңыз,  онда осы жылы мансабыңыз едәуір өспек. Егер суретші, жарнамашы, музыкант болсаңыз, сізді жылан жылында таңғажайып сәтті жаңалықтар күтіп тұр. Сонымен қаттар, сәттілік балаларға қатысты қызмет атқаратындарға да бұйырмақ. 

  • Ерлерге 

Күнделікті жұмысыңызға қатты бауыр басып кетпеңіз. Жұмыс ауыстыруыңыз ықтимал. Бұл жыл, сіз үшін, шешім қабылдау мен тәуекелге бел буудың жылы болмақ. Екінші жарты жылдықта өз-өзіңізді бағалауыңыз артпақ. 

Сіз сүйетін жан

  • Нәзік жандыларға

Сіз жауапкершілігі мықты, өз ісіне тиянақты қарайтын жігітпен жақсы үйлесесіз. Сіздің осы жылдан күтеріңіз көп. Романтикалық оқиғалар болғанын қалап, көңілді де шығармашылық адамын табуға тырысасыз. Екінші жарты жылдықта басты жоспарға тұрмыс құру шықпақ.

  • Ерлерге

Сізге жан-жақты ару керек. Жан-жақты болғанда қалай? Демек өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарап жүріп те отбасын алдыңғы қатарда алып жүруден қиналмайтын пысық қыз керек. Сіздің көзіңіз шетелдік қызға түсуі де мүмкін. Тек жүрегіңіз бен ақылыңыздың шешіміне қатар құлақ асыңыз.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: myzodiak.info

А. Әбілхан