Жаңажылдық тілектер

Жаңажылдық тілектер

Құлын боп туған бір лебіз: "Қазақ елі өсіп-өркендей берсін!!!"

Басымыз алтын, бөксеміз күміс дүлділ, қатарымыз ормандай, алды-артымыз қорғандай болсын!!!

Жаңа 2013 жылда барлық тілектердің орындалуын, сәттіліктердің жалғасуын, тыныштық пен құт-береке болуын тілейміз!

Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, «бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр» деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!

Өткенге риза болып, Жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. 

Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын! 

Лайым Жаңа жыл барлығыңа тек қана  жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін!

Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін! Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке ұласа берсін!

Аялы арманымыз орындалып, жүректер жылудан айрылмасын! 

Алдағы жылыңызға шат-шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын! 

Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!

Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.

Жаңа жыл жаңашылдығымен,табыстылығымен келсін!

Әлемде жеті керемет бар дейді, сегізінші керемет — Жаңа Жыл! Армандар орындалып, Жаңа Жыл кереметін сыйласын!

Болашағымыз сәттiлiкке толы болсын!

сурет:uralfavt.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек


Л. Лига