Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / Шырша - Жаңа Жылдың басты нышаны

Шырша - Жаңа Жылдың басты нышаны

Шырша - Жаңа Жылдың басты нышаны

Жаңа Жылдың ең әдемі және ең қызықты дәстүрлерінің бірі – шыршаларды безендіру. Тіпті ойлап қарасаңыз, шыршасыз қыстың ең басты мерекесін елестету мүмкін емес! Бұл бүкіләлемдік дәстүр әрі оның өте бай тарихы бар. Ендеше тарих беттерін бірге парақтап көрелік, шыршаны не үшін безендіреміз және бұл салт қалай пайда болды?

Ықылым замандарда адамзат баласы табиғат күшін құдайдай көріп, теріс күштердің бар екендігіне шын нанған және олар ормандағы қылқан жапырақтылардың арасын мекендейді деп ойлаған. Алғашқы адамдар осы күштер сұрапыл дауылдар мен борандарды жіберіп, аңшылардың үрейін ұшырады, сондықтан жанымызды сақтап қалу үшін олардың көңілін табу керекпіз деген шешімге келеді. Әсіресе, жаңа жыл түні мазамызды алмасын деген ниетпен оларды сәндеп, безендіріп қоюды әдетке айналдырады. Оның үстіне мәңгі жасыл шыршалар - ұзақ өмірдің нышаны да емес пе?

Әрине, бұл ел аузындағы ескі аңыздар, ал нағыз нақты деректер шыршаны мереке нышаны еткен - неміс Реформациясының басшысы Мартин Лютер дегенді айтады. Жаңа Жыл қарсаңындағы аяз шықырлаған жұлдызды түндердің бірінде Мартин орман ішінде келе жатып, қысы-жазы жап-жасыл болып тұратын шыршаны көреді де, отбасын қуантапақ болып, қолындағы балтасымен шауып алып кетеді. Үйіне әкелген соң қаңырап тұрған шыршаға көңілі толмай, шырақтармен, түрлі-түсті қағаздармен безендіріп қояды. Мұны көрген өзге таныстары да Мартиннің әрекетін қайталайды. Көп ұзамай бұл дәстүр күллі әлемге тарап кетеді.

Безендірілген шыршалар туралы алғашқы жазба деректер 1605 жылы жазылған. Онда: «Жаңа Жыл қарсаңында Страсбургте әрбір отбасы үйіне шырша ағаштарын алып келіп, түрлі-түсті қағаздардан жасалған раушан гүлдерімен, алмалармен, жылтыр қағаздармен, қантпен безендіреді» делінген.

Америкаға шыршаны безендіру дәстүрін жеткізген де осы неміс елшілері мен 1804 жылы тәуелсіздік үшін болған соғысқа қатысушылар екен. АҚШ-тың 14-президенті Франклин Пирс 1923 жылы Ақ Үйде Шырша жағу салтанатын өткізеді.

Дәл осы жылдан бері әрбір тәуелсіз мемлекет шырша жағу салтанатын өткізуді дәстүрге айналып келеді. Біздің елімізде мұндай іс-шара желтоқсан айының басында өткізіледі.

Суреттер:mordasti.ru,desktop.kazansoft.ru,ochkavpechatleniy.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3819 9
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 20 желтоқсан 2012, 12:44
Пікірлер
+0
20 желтоқсан 2012, 10:02

Шыршасыз шынымен жаңа жыл мейрам емес сияқты көрініп қалады. Қайран балалық бір ай бұрын құүрып, бір ай кейін жинайтын. Үйдің терезелеріне қар кесіп қыстыруға шебер ем. Бір жылдары жұмыстың терезелерін солай істегем )))

+0
20 желтоқсан 2012, 12:29

Шыршаны мүлде безендірмегенмін. Үйде екі сестрам бар. Солар безендіріп жатады. Олардың қасына інім қыстырылысып, кедергі жасап журеді

+0
20 желтоқсан 2012, 12:31

Ақ шырша, қызыл шырша, шырша, шырша, :)

+0
20 желтоқсан 2012, 12:36

Қою керек еді шыршаны

+0
20 желтоқсан 2012, 13:04

Шыршаны бурын адемiлеп безендiрушi едiк,казiр калдыгой. Жана жылды сезiп жургем жок. Каладада бiлiнбейдi. Ататындардыда(салют) сатпайды екен. Наурызды кутiп журмiн. Сол кызык болып жур казiр.

+0
20 желтоқсан 2012, 13:15

Біздің үйдегілерге мені күтіңдер барған соң бірге құрамыз деген едім, күтсе болар еді)

+0
22 желтоқсан 2012, 21:31

Мартин Лютер ма?

+0
22 желтоқсан 2012, 22:40

кешіріңіздер, админ ханымдар мен мырзалар! Жылан жылын қарсы алу дастарханының мәзірі туралы мақала шығарыңыздаршы. осы өтінішімді 1апта бұрын жазып ем, ешкім елемепті. бұл да Жаңа жылда маңызды емес пе?!) рахмет алдын ала!!!
""""""" :) :D

+0
22 желтоқсан 2012, 23:42

Мәзір, бәрі болады, күнделікті оқып тұрыңыз ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...