Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / Жаңа Жылдың тарихы

Жаңа Жылдың тарихы

Жаңа Жылдың тарихы

Жаңа жыл... Осы бір жеті әріптен құралған шағын ғана сөзде қаншама қуаныш пен шаттық жатыр десеңізші? Аталған мереке баршамыздың жадымызға жаңа үміт, жаңа сенім ұялатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды, өзімізді тап бір ертегі қаһармандарындай сезінуімізге мүмкіндік береді. Ал сыйлықтар туралы айтпаса да түсінікті шығар... Көз алдымызға бала шақтың балдай тәтті елестері келіп, Аяз Ата мен Ақшақарға шын жүректен сеніп, тілек тілегіміз, тіпті хат жазғымыз да келеді. Кейбіріңіз бұл сөзіммен келіспеулеріңіз мүмкін, алайда, мұның бәрі де әрбіріңізге таныс, жүректер түбінде жатқан сезімдер екендігіне күмәнім жоқ. Бәріне де кінәлі – Жаңа Жыл.

Көзіңізді ашқалы жоғарыдағы сезімдермен дос болып, жыл сайын отбасыңызбен түнгі он екіні қарсы алып, мерекені тойлап келесіз. Ал сіз бір сәт болсын «Бұл қандай мереке?», «Неге мереке дәл осы күні тойланады?», «Мереке қашан және қалай пайда болды?» деген сауалдарға жауап іздеп көрдіңіз бе? Іздедіңіз, бірақ таппадыңыз ба? Ендеше мереке қарсаңында сұрақтарыңызға жауапты біз беретін боламыз.

Жаңа жыл мерекесінің тарихы осыдан 25 ғасыр уақыт бұрын басталған екен. Бәрін басынан бастағанымыз жөн болар.

Есте жоқ ерте заманда адамзат баласы жаңа жылдың басталу уақытын табиғаттың жаңарып, жандана бастайтын көктем мезгілімен байланыстырған. Табиғат-Ана жасыл көрпесін жамылып, тіршілік атаулыға жан бітіп, қысқы ұйқыдан ояна бастағанда күллі жұрт жаңа жыл басталды деп, мәз-мейрам болып, мерекелейтін болған деседі.

Бұл дәстүрдің қаймағының бұзылуына себепкер болған Юлий патша. Б.з.б. 46 жылы римдік Юлий Цезарь жаңа күнтізбе жасап шығарады. Біз оны қазір "Юлиан күнтізбесі" деп атап жүрміз. Күнтізбе 1 қаңтардан басталатын болғандықтан, жаңа жылды қарсы алу дәстүрі дәл осы күнге ауыстырылады.

1700 жылы орыс патшасы Петр І көктем мезгілінде тойланып келе жатқан Жаңа жыл мерекесі еуропалық салт бойынша 1 қаңтарда атап өтілсін деген бұйрық шығарады. Ол бүкіл халыққа үйлерін қарағай, шырша жапырақтарымен безендіруге ұсыныс жасайды. 1700 жылы сағат 12-де патша Қызыл алаңға қолына факел ұстап шығып, аспанға алғашқы отты шашады да, мереке басталып кетеді. Яғни атағы жер жарған Петр І патша соғысу өнерін жақсы меңгеріп қана қоймай, жақсы да көңіл көтере білгені ғой...

Ендеше қыстың ең көңілді, ең қызықты мерекесі құтты болсын, ағайын!

 Суреттер:visitkmv.ru,prazd.info

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3336 9
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2012, 13:32
Пікірлер
+0
19 желтоқсан 2012, 13:00

Рахмет. Кішкентай кезімде мен де Аяз атаға сенетінмін. Казір кайдағы. Енді інім сенеді. Ол кәдімгідей Аяз ата келеді деп, 12 2-3 сагат калғанда ұйықтап калады да, 12 болғанда оны оятамыз. Ол турып алып Аяз ата маган не әкелді деп сұрайды. Сосын біз алған сыйлықтарымзды береміз. Шынында, кішкентай кезімізде Жаңа жылды қарсы алу бір қызық еді. Есейген сайын онын да сәні кетіп бара жатқан сияктыү Жаңа жылдың тарихын білмеппін,. Бірақ Қазақстанға бұл мереке 1934 жылы келді дейді гой.

+0
19 желтоқсан 2012, 13:15

Ия,кiшкентай кезiмiзде шынымен сенетiнбiз. Казiр кызыгы кеттi.

+0
19 желтоқсан 2012, 13:41

Жаңа жылды ұнатам

+0
19 желтоқсан 2012, 15:13

|Құдай ау мен мына сайттың мұнысы қалай а? Жаңа жылы несі ? :o

+0
19 желтоқсан 2012, 15:16

кім қай қауымға ұқсаса сол қауыммен тіріледі қияметте

+0
19 желтоқсан 2012, 16:49

жаңа жыл жақсы мейрам

+0
20 желтоқсан 2012, 21:23

Жаңа жыл... Осы бір жеті әріптен құралған шағын ғана сөзде қаншама қуаныш пен шаттық жатыр десеңізші? :mrgreen:

+0
20 желтоқсан 2012, 22:32

Бір адам айтқандай: Аяз ата маған не береді емес, мен Аяз атаға не беремін деп ойла

+0
22 желтоқсан 2012, 21:35

мерекені дін,пін деп бөле бермей, жай ғана қуаныш сыйлайтын мереке деп қабылдау керек сияқты ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...