Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / 2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Суқұйғыш

2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Суқұйғыш

2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Суқұйғыш

• Нәзік жандыларға

Жаңа жылдың жаңа өзгерістерін қаңтар айынан-ақ анық байқайтын боласыз. Бойыңызда бұрын-соңды болмаған күш пайда болып, белсенділікке ұмтыла бастайсыз. Осы талпынысыңыз арқылы көшбасшылыққа да жетіп жатсаңыз таңқалмаңыз. Адамдарға деген қарым-қатынасыңызға көңіл бөліңіз. Ойыңызда қосымша білім алу жоспары жүрген болса, уақыт созбастан, дәл осы жылы құжаттарыңызды тапсырыңыз, арты сәттіліктерге толы болмақ.

• Ерлерге

Жылыңыз алдыңғыларына қарағанда маңызды әрі елеулі оқиғаларға толы болады. Қаңтар-тамыз айларында шығармашылық жетістіктерге ие боласыз және көптен ойыңызда жүрген асқақ мақсаттар ақиқатқа айналады. Екінші жарты жылдықта міндетті түрде демалыс алатын болыңыз. Қоныс аударулар мен үй жөндеу жұмыстарын келесі жылға қалдырғаныңыз дұрыс.

Жеке өмір

• Нәзік жандыларға

Романтикалық хикаялар мен естен кетпес таныстықтар, күтпеген кездесулер алғашқы жарты жылдықта көбірек болады. Тіпті сезімдеріңізден адасып қалуыңыз да ықтимал. Сондықтан кез келген қарым-қатынасқа қиялмен емес, шынайы түрде қарайтын болыңыз. Мамыр айында отбасыңызда шешімі оңайға соқпайтын дағдарыс орын алады. Барлық күнә атаулыны серігіңізге артып, үлкен қателікке жол беріп жүрмеңіз, есіңізді жиыңыз. Мауым айында қатынастарыңыз біршама оңалып, күдіктеріңіз сейіліп, түсінісесіздер. Екінші жарты жылдық - тыныштық пен татулық патшалығын уәде береді.

• Ерлерге

Дайын болыңыз, жылан жылы сәтсіз романтикалық қатынастарға толы. Сезіміңіз бен күдігіңіз арпалысып, ашық шайқасқа түседі. Шынайы махаббат пен жылт еткен сезімді ажырата алмай әбігерге түсесіз. Күңіреніп күз келісімен, жаныңыз тұрақтылықты қалап, нүкетсін қоюға талпынасыз. Байқаңыз, қолға қонған бақыт құсын ұшырып алып жүрмеңіз...

Жұмыс және мансап

• Нәзік жандыларға

Сіз осы сәттің куәгері болу үшін көп күрестіңіз, тер төктіңіз. Қуаныңыз, «көптен күткен ұлы той» осы жылы өтетін болады. Қызметіңіз өседі. Тым қиын болып көрінген ұсыныстардан бас тартушы болмаңыз. Егер біліміңіздің әлі де таяз екендігін байқаған болсаңыз, кәсіби білім алуға асығыңыз.

• Ерлерге

Өзіңізді сынап көріңіз және кәсіби өсу мен биік жетістіктерге жеткізер қадамдарды қорықпай жасаңыз. Қазақ «жыламаған балаға емшек жоқ» дейді. Ештеңе де әрекетсіз келмейтінін өзіңіз де білетін боларсыз. Сондықтан бәрі де өзіңіздің талпынысыңызға байланысты болмақ...

Сіз сүйген жан

• Нәзік жандыларға

Өзіңізді хан қызындай сезінуіңіз үшін жайдарлы әрі жетістігі мол бекзада қажет. Жылан жылы сіздің патша көңіліңіз әлемнің кез келген бұрышына алып баруға шамасы жететін қалталы жігітті қалайтын болады.

• Ерлерге

Сізге жайдарлы және өмірсүйгіш, намысшыл, өзін алып жүре алатын және ажарлы серік ауадай қажет-ақ. Осы жылы өмірге деген көзқарасы кең және үй шаруасына пысық, дәмді тағамдар дайындай алатын ханымды қолыңызға қондыруды армандайтын боласыз. Арман орындалатын күн де алыс емес деп сеніңіз.

 Суреттер:myzodiak.info

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3633 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 18 желтоқсан 2012, 22:24
Пікірлер
+0
18 желтоқсан 2012, 22:37

мда. Негізі,ойымда қосымша білім ал жоспары бары рас. Қызметімнің өсетінінде сезіп жүрмін.
"Өзіңізді хан қызындай сезінуіңіз үшін жайдарлы әрі жетістігі мол бекзада қажет. Жылан жылы сіздің патша көңіліңіз әлемнің кез келген бұрышына алып баруға шамасы жететін қалталы жігітті қалайтын болады" Бұл қалай болар екен? Әзірге менде ондай жоқ,әлде барма :?

+0
19 желтоқсан 2012, 11:38

:lol: :lol: :lol: Мынау айтқандар орындалатын болса, мен инфарк болып бітетін шығармын.

+0
19 желтоқсан 2012, 11:52

Суқұйғыштар алға! :-D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...