Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / "Бірге аударайықтың" 1 жылғы қызықтары

"Бірге аударайықтың" 1 жылғы қызықтары

Жастар арасында «Корей толқыны» белең алып жатқаны белгілі. Корей телехикаяларынан бастап, поп-музыкасына деген қызығушылық күннен күнге артып келеді. Және бұл бекер емес деген ойдамыз. «Бірге аударайық» модулі ашылғалы бері к-поп эстрадасының көптеген әндерін аудардық. Әндердің бірталайының мағыналары өте терең, жастарды махаббатқа, батылдыққа, үлкен мақсаттар қойып, өзіне сенімді болуға үйретеді.

Осы күнге дейін корейлік Big Bang, Girls Generation, C.N.Blue, F.T.Island, T-Ara, Miss A, Super Junior, Block B, 2NE1, Sistar, Wonder  Girls, Infinite, Teen Top, Shinee, I:DN, F-Cuz, U-Kiss, Shinee, MBLAQ деген топтармен таныс болдыңыздар. Сонымен қатар, Jang Geun Seok, Ryu, Gummy, IU, J-Min, Park Hwayobi, Park Yong Ha, Hyorin, Tayeon, Kim Hyun Joong деген атақты корей толқынының жұлдыздарын сүйсіне тыңдадыңыздар.

Еліміздің ұлттық арналарында көрсетіліп, көпшіліктің көңілінен шыққан «Арманшылдар» (Dream High), «Көркем жігіт» (You’re beautiful), «Махаббатқа сенемін» (I Belive in Love), «Таңғажайып бақ» (Secret Garden), «Қала тыңшысы» (City hunter), «Жігіттің сабаздары» (Boys over flowers), «Түнімен қайда болдың, Мэри?» (Mary stayed out all night) телехикаяларының танымал саундтректері мен  «200 келі сұлулық» (200 Pounds beauty), «Күн астындағы махаббат» (Swallow the sun), «Нар тәуекел» (All In), «Шпион Хан Мен Воль» (Spy Myung Wol), «Менің сүйіктім» (My Girl) телехикаяларының үздік әндерін аудардық.

Осы күнге дейін аударылған әндер саны 58-ге жетіп отыр.

Ал 2011 жылдың келуіне орай жаңа жылдық романтикалық көңіл-күй сыйлайтын «Таңғажайып бақ» (Secret Garden) және «Менің сүйіктім» (My Girl) телехикаяларының толық аудармасын ұсынған болатынбыз. Көрермендер тарапынан жылы қабылданды. Одан соң қолданушыларымыздың көмегімен «Шпион Хан Мен Воль» (Spy Myung Wol) телехикаясы толық аударылып бітті. Және осы жылда ерекше сценариймен түсірілген «Қалай жағдай?» (What’s up?) дорамасы да көрермендерге жол тартты.

«Корей толқынының» негізін қалаған телехикаялар «Жүрегімде қалған күз», «Қысқы соната» әрдайым біріншіліктен түскен емес. Сол себепті олар сайтымызда міндетті түрде болуы тиіс деп шештік.

Жақын арада «Ұстаздар атасы» (God of study), «Күн астындағы махаббат» (Swallow the sun), «Қала тыңшысы» (City hunter) телехикаяларының аудармасын бастамақ ойымыз бар. Және де сүйікті телехикаяңызды аударуға ат салыса алатыныңызды да ұмытпаңыз. Бізге әрдайым аудармашылар мен редакторлар қажет.

Қорытындылай келе, сайтымызда 6 сериалдың толық аудармасы мен 4 телехикая өз аудармашыларын күтуде. Әрбір телехикаяны мыңнан астам көрермендер тамашалап, өз бағасын беруде.

Сонымен қатар, корей кинематографиясынан да екі туындыны ұсындық. «Сәлем, рух! / Hello, ghost!» комедия мен мистика жанрында түсірілген фильм мен «Алғашқы қар (Virgin snow)» романтикалық мелодрамасы. Екеуі де әлі күнге дейін қаралу жағынан алда келеді. Жаңа жыл қарсаңында фильмдер қатары толығып, сіздердің талғамдарыңызға сай осындай фильмдерді ұсыну ойда бар.

Көрермендерден «Неге дәл корей телехикаялары мен әндері?» деген сұрақты жиі естиміз. Бұл сұраққа жауап берер болсақ: біріншіден, олар сұранысқа ие, екіншіден, корейліктер өз туындыларының таратылуы мен аударылуына еш тосқауыл қоймайды, субтитрлер де дайын түрде, тегін таратылады. Бұл да бір жағынан шоу-бизнесті әлемдік деңгейде дамытудың бір амалы іспеттес. Ал америкалық өнер туындылары өте қатаң бақылауға алынған, ал қалаған жағдайда да субтитр жасау мен аудару үлкен жұмысты талап ететінін білетін боларсыздар. Сол себепті, осындай қызықтарды сіздерге ұсынудамыз.

Алда аудармашылар қатары толығып, қызықты телехикаялар, фильмдер мен әндерді аударып отырамыз деп сенеміз.

Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет!

Құрметпен: Анара Мұстафина

Суреттер: www.soompi.com

1629 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 24 желтоқсан 2012, 19:59
Пікірлер
+0
24 желтоқсан 2012, 11:50

Оқырмандар ме көрермендер үшін талмай жұмыс жасап келе жатқан Анар қызға алғысымыз шексіз болсын. Тағы да тамаша туындыларды жеткізе бер.

+0
24 желтоқсан 2012, 11:55

Рақмет! Менімен қатар керемет аудармашылар да өз үлестерін қосуда. Өз атымнан оларға да алғыс айтамын! :)

+0
24 желтоқсан 2012, 12:13

Бұл қорытынды біраз бұрын жазылған еді. Одан кейін бірнеше клип пен сериалдардың аудармасы жоспарда тұр. Жалпы жұмыс қарқынды жалғасуда. Күтіңіздер! ;)

+0
24 желтоқсан 2012, 14:02

Жақсы туындылар күтеміз

+0
24 желтоқсан 2012, 14:18

"Бірге аударайық" бөлімі дами берсін!

+0
24 желтоқсан 2012, 14:32

массагетке кірген сайын ең бірінші бейнебаян деген батырманы басамын)) қатты жақсы көремін сол бөлімді)))))

+0
24 желтоқсан 2012, 14:37

Бірге аударайық бөлімінің бірден бір ұнайтын жері тыңдап отырған әннің басқа тілде болса да не туралы айтып жатканын хабардар етіп бізге дайындап беретіні. Негізі шет тілдердегі әндерді көп тыңдамаймын, өйткені ол өлеңнің сөзін түсінбеймін, сені боқтап жатырма, не айтып жатқаны белгісіз. Ал осындағы аудармаларды тыңдап не жайлы екенін біле аласың. Анар бастаған аудармашылар командасына рахмет, аударудан жалықпаңдар))

+0
24 желтоқсан 2012, 16:07

Орталарыңыз тола берсін! Тек сәттіліктер тілеймін!

+0
24 желтоқсан 2012, 19:01

Керемет айдар!керемет сериалдар! керемет аударма! Анар рахмет!

+0
24 желтоқсан 2012, 19:27

Olender katty unaidy T-ara men Miss You anderi kop sudarylsa eken

+0
24 желтоқсан 2012, 21:03

оооо, менің алғысым тіптен шексіз, Анаржан))))) сен ұғасың ғой))))

+0
25 желтоқсан 2012, 00:21

Өте қуаныштымын! :) Жалпы қолдау білдіріп келе жатқан барша оқырманға алғысым шексіз. Рақмет сіздерге!

+0
25 желтоқсан 2012, 00:20

Осы бөлімнің болғанына қуанамын :) . Өзімізге ұнаған нәрселерді ана тілімізде қараған әрине керемет. Бұрын мұндай болады деп ойлаушы ме едік?! Әйтеуір, Массагетпен бірге дамып, тіліміз де осы фильмдер арқылы әдемі жеткізіліп өркендесін! Келер жылы жоғарыда аталған сандар бірнеше есеге артып, қазақ тілді аудармалар көбейеді деп сенемін.

+0
25 желтоқсан 2012, 01:45

осы бөлімнің фанаты боп кетем-ау! Анар жан! Еңбегің өрлей берсін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...