Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Жаңа жыл 2013 / 2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Тоқты

2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Тоқты

2013 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Тоқты

  • Нәзік жандыларға

Тәуекелге бел буып үйреніңіз! Күштілер мен тәуекелшілдерді таңғажайып сыйлық күтіп тұр. Бастысы - өзіңізге нақты ненің керек екендігін білу. Жылдың басты жаңалығы - көп нәрсенің қайта жаңаруы. Сіздің бақытқа жетуіңізге кедергі жасайтын дүниелермен қоштасу үшін тәуекелге бел буатын кезіңіз келді. Аса құлшыныспен іс бастау бірқатар армандарыңыздың орындалуына себепкер болмақ. Ал ең маңызды кездесулерді сәуір айынан күте берсеңіз болады. Өздігіңізден жұмыс жасауға қорықпаңыз. Сіздің екінші жартыңыз сізді үнемі қолдап, құлшынысыңызды арттырып отырады. Қараша айында сіздің әлеміңізде айтарлықтай оң өзгеріс болады. 

  • Ерлерге

Арманға жету үшін жеңіл жолды таңдауды доғарыңыз. Кез келген жағдайға қарсы тұруға жетер қауқарыңызды сәтті пайдаланыңыз. Бұл жыл сізден төзім мен ақылдылықты қажет етеді. Алғашқы жартыжылдықта қаржы ісінде дұрыс қадам жасауға дайын болыңыз. Жыл бойы жасаған еңбегіңіздің жемісін қараша айында көретін боласыз. 

Жеке өмір

  • Нәзік жандыларға

Сіз осы жылы да бақытыңызға жету жолында белсенділік танытатын боласыз. "Мастер и Маргарита" романындағы Маргарита секілді көшеге шығып алып сүйіктіңізді іздеу үшін тәуекелге бел байласаңыз да, қой демейміз. Сіз мықтысыз, әйткенмен "солай екен" деп, шектен шығып кетуші болмаңыз. Шілде айында сізді ерекше кездесулер мен демалыс күтіп тұр. Егер сәтті өрбіп жатқан махаббат отбасын құруға дейін барып жатса, онда тамыз айында неке қиюға болады. Сіз үшін қыркүйек - романтикалық оқиғалардың айы. 

  • Ерлерге

Өзіңіздің нағыз ерге тән мінезіңізбен сіз талайға ұнайсыз. Бірақ мұныммен барша ханымның жүреген жаулап алам деген өзімшіл пікірден аулық болғаныңыз дұрыс. Жылдың басында жадыраған жазды бірге өткізер сүйікті адамыңызды табуға көп мүмкіндік болады. Егер бәрі өз жөнімен жүріп жатса, күзде ата-анаңызға келін сыйлауға мүмкіндігіңіз бар. Жыл аяғында сіз өзіңізді жеңімпаз санап, өткен жылға жақсы қорытынды жасайсыз. 

Жұмыс пен мансап

  • Нәзік жандыларға

Осы жылы өзіңізге деген сенімділігіңіз бен белсенділігіңіздің арқасында мансабыңызды өсіре аласыз. Өзіңізге бұл өмірде не керектігін сонда ғана толық түсінетін боласыз. Тек алдын ала жақсы жоспар құрып алғаныңыз дұрыс. Мұны қаңтар айының еншісіне қалдырыңыз. Нағыз жұмыс күзде басталмақ. Жұмыстағы ең белсенді уақытыңыз - қазан мен қараша.

  • Ерлерге

Жыл сізге карьера өсіру жолында қолайлы болмақ. Бастысы - қорқыныш пен сенімсіздікті жою. Сіз бизнесте бағытыңызды  нақтылап, жақсы бір жобаны қолға алмақсыз. Еңбегіңіз жанып, қызметіңіз жоғарылып жатса, нұр үстіне нұр болмақ. 

Сіз сүйетін жан

  • Нәзік жандыларға

Сіз қиналған тұста жаныңыздан табылып, қайғыны өз басына түскендей көтеретін адам - сіздің жартыңыз. Сіз жыласаңыз, жұбатып жасыңызды сүртуге дайын тұрар, құласаңыз сүйеу болатын жан сізге күйеу болмақ. Мына жерді екі аяғыңызбен басып тұрғаныңызды танытатын ер адам кездессе, таң қалмағайсыз! Сізді 2013 жылы ең тәтті сезімдер күтіп тұр. 

  • Ерлерге

Сізге талдырмаш әрі сұлу ару керек. Жыл басында сіз махаббаттың құрбанын іздейсіз де, екінші жартыжылдықта екеуіңіз бір шаңырақ астында жүрулеріңіз ғажап емес.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: woman.ru

3457 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 18 желтоқсан 2012, 22:29
Пікірлер
+0
18 желтоқсан 2012, 20:55

Талдырмаш дейсіз бе... )))

+0
19 желтоқсан 2012, 01:05

Negizi mynauy sogyp ketui mumkin)))Егер бәрі өз жөнімен жүріп жатса, күзде ата-анаңызға келін сыйлауға мүмкіндігіңіз бар

+0
19 желтоқсан 2012, 16:08

"Сіз үшін қыркүйек - романтикалық оқиғалардың айы" дид. қыркүйек, қашан келесің :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...