Массагет порталы 5 жылдық кешіне шақырады

Массагет порталы 5 жылдық кешіне шақырады
Фото: chestnok

Қазақ жастары үшін, ұлт үшін, егеменді елдің гүлденуі үшін жан-жақты тақырыпта жастарды жақсылыққа тәрбиелеп, жамандықтан тиып, танымдық ақпараттар қорын таратып отырған жастар порталы – Массагет бес жылдық мерейтойы қарсаңында оқырмандарын қонаққа шақырады.

Еркін кездесу кешінің бағдарламасына сәйкес сайттың бес жылда жасаған жобаларымен, еңбектерімен, нәтижелерімен танысасыз. Тек таныстық емес, әнмен тербеліп, бимен шалқып, ойынмен ой өрісіңізді кеңейтіп қайтасыз.  

Өтетін орны: Алматы қаласы, "Chestnok bar". Наурызбай батыр көшесі мен Жамбыл көшесінің қилысында орналасқан.

Өтетін уақыты: 18.12.2016, сағат: 19-00

Құрметті қонағымыз болам десеңіз, осы жазбаға пікір ретінде аты-жөніңізді және нөміріңізді жазыңыз. Кіру тегін.

Өзге де сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, байланыс нөмірі: 8 702 500 76 95 (Әсел)

М. Ақан