Әйкерім Қалаубаева Массагетті 5 жылдық мерекесімен құттықтады (видео)

Әйкерім Қалаубаева Массагетті 5 жылдық мерекесімен құттықтады (видео)
Фото: hirschelec.com

Биыл Массагет порталы үшін мерейлі, мерекелі жыл. Осыдан 5 жыл бұрын 16 желтоқсан күні қазақ интернет журналистикасына жаңа сайт қосылды. Массагет порталы интернет әлеміне жай келмеді, өзіндік қолтаңбасымен, ерекшелігімен келді. «Өз қолтаңбаңды қалдыр!» деген ұрансөзін биік ұстап келді.

Массагет сайты – қазақ жастарының мәртебелі ордасы. Бүгінгі ұрпақтың бет-бейнесі, ой-танымының бір көрінісі. Қазақ елінің азат ойлы, арманы асқақ жастарының сөз мінбері. Тарихта «Ержүрек Массагеттер одағы» талай жорықта талмай күресіп, Еуразия даласын ешкімге бермей, ерлік туын жықпағаны белгілі. Ендеше, осы порталымызға өзінің ыстық лебізін жолдаған танымал әнші Әйкерім Қалаубаеваның құттықтауын назарларыңызға ұсынамыз. 

B. ZHAQSYMBET