Лондонда XIV Паралимпиада ойындары аяқталды

Лондонда XIV Паралимпиада ойындары аяқталды

Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Филипп Крэйвен мырза XIV жазғы ойындардың жабылу салтанаты кезінде Лондонда өткен паралимпиаданың аяқталғандығын жария етті.

"64 жыл бұрын Сток Мандевилде дүниеге келген паралимпиада рухы соңғы 12 күнде жаңа деңгейге көтерілді. Бұл Лондон Паралимпиадасы ойындарына ерекше сипат берді. Мен және барлық спортшылар бұл жылғы бәсеке ойын тарихындағы ең жақсы бәйге болды деп есептейміз", - деп ағынан жарылды Крэйвен. Президент сонымен қатар, Олимпиаданың ұйымдастырылуы кезінде көмек көрсеткен барлық азаматтарға алғысын білдірді. Басшының назарынан волонтерлар мен медициналық персонал да тыс қалған жоқ.

ва

XIV Паралимпиада алауын өшіру құрметі британдық жүзгіш Элли Симмондс пен спринтер Джонни Пикокқа бұйырды. Кеш соңында 80 мың адам жиналған стадион әдемі фейрверкпен әрлене түсті. Келесі Паралимпиада ойындары 2016 жылы Бразилия астанасы Рио-де-Жанейрода өтетін болады.

Байрақты бәйгеде 231 медальды қанжығасына байлаған (95 алтын, 71 күміс, 65 қола) қытайлық спортшылар топ жарды. Командалық есепте екінші орын 102 медальға ие болған (36 алтын, 38 күміс, 28 қола) Ресейге бұйырды. Сайыс иелері британдықтар 120 медаль алып (34, 43, 43) үшінші орыннан көрінді. Қазақстан спортшылары бірде-бір медальға қол жеткізе алмады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©AFP, sport.mail.ru