Паралимпиадашымыз Әнуар Ахметов финалға өте алмады

Паралимпиадашымыз Әнуар Ахметов финалға өте алмады

Лондонда жалғасып жатқан Паралимпиада ойындарында отандық жүзгішіміз Әнуар Ахметов көзі зақымданған жандар арасында өткен 100 метрге арқамен жүзуде бағын сынап көрді.

Өкінішке орай, Әнуар үздік сегіздіктің қатарына іліне алмады. 19 жастағы паралимпиадашы көш басындағы үздіктен 12,36 секунд қалыс қалып, 1:13.43 көрсеткішіне қол жеткізу арқылы 11 орынға табан тіреді. 

Айта кететін болсақ, 100 метрге суға жүзуден ресейлік Александр Неволин-Светов топ жарды - 1:01.07.

Әнуар ендігі мүмкіндігін жетінші қыркүйек күні өтетін 50 метрге еркін жүзуден байқап көреді.

Естеріңізге салсақ, Паралимпиада ойындары 9 қыркүйекке дейін жалғасады. 

сурет: london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига