Паралимпиада ойындарындағы Харламовтың екінші мүмкіндігі

Паралимпиада ойындарындағы Харламовтың екінші мүмкіндігі

Паралимпиада ойындарының жетінші күнінде жеңіл атлетикадан аламан дүбірге Солтүстік Қазақстандық спортшымыз Сергей Харламов қосылды.

41 жастағы отандық спортшымыз сал ауруына ұшырған жандармен бір қатарда ұзындыққа секіруден бағын сынады. Айта кететін болсақ, аталған жарысқа тоғызға жуық паралимпиадашы қатысты. 

Харламов өзі орындаған үш мүмкіндікті де сәтті аяқтап (4,43. 4,25 и 4,45), негізгі кезеңге жолдама алған болатын. 

Төртінші, бесінші мүмкіндікті де өте жақсы аяқтаған Сергей соңғы мүмкіндікте өте керемет көрсеткішке қол жеткізе алды - 4,68 метр. Сол арқылы өзінің жеке рекордын орнатқан жерлесіміз жалпы финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша сегізінші орыннан көрінді. 

Ұзындыққа секіруден бас жүлде украиналық Роман Павлюкке бұйырды. 5,23 метрге секірген Роман айқын басымдылықпен жеңіске бастар тура жолды тапты. 

Сонымен қатар Харламов 100 метрге жүгіруден де өз бағын сынап көрді. Өзі үшін рекорд орнатқанымен  (13.92), қол жеткізген уақыт көрсеткіші финалға шығуына мүмкіндік бермейтін еді. 

Естеріңізге салсақ, Лондонда өтіп жатқан Паралимпиада ойындары қыркүйектің тоғызыншы жұлдызына дейін жалғасын табатын болады.

сурет: london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига