Қазақстанда Олимпиадалық спорт түрлерінің рейтингі жасалды

Қазақстанда Олимпиадалық спорт түрлерінің рейтингі жасалды

Рейтинг.kz сайты Қазақстандағы Олимпиадалық спорт түрлерін даму деңгейіне қарай тізіп шықты.

Тәуелсіздік алғаннан бастап еліміз Олимпиадада 10 спорт түрінен медаль алыпты. Сайттың зерттеуінен соң дәл қазір еліміздегі ең дамыған спорт түрі ауыр атлетика екендігі белгілі болды. Бұдан бөлек отандастарымыз мына спорт түрлерінен жақсы нәтиже көрсетті:

- Шосселік велоспорт. Федерация президенті Қайрат Келімбетов. Қазақстанда кәсіби велоспортты дамытуға қаржы көп бөлініп келсе де, спорт ардагері Александр Винокуровтан басқа ешкім көзге түскен жоқ.

- Жеңіл атлетика. Федерация президенті Павел Новиков. Ольга Рыпакованың Лондондағы жеткен жетістігінің арқасында федерация 2000 жылғы нәтижені қайталады. Айта кетелік, ең көп медаль ойналатын спорт түрі осы жеңіл атлетика болып табылады. Әрбір Олимпиада ойындарында ұзын саны 47 жеңіл атлетке медаль беріледі. Осының себебінен ойындарда қазылардың субъектевизмі өте аз болады.

- Бокс. Федерация президенті Тимур Құлыбаев. Зерттеушілердің айтуынша, Қазақстан федерация президенті мен AIBA вице-президенті қызметін жақсы ұштастырып пайдалануға болатындығының көрнекі үлгісі. Айта кетелік, Тимур Құлыбаев үстіміздегі 2012 жылдың наурызынан бері AIBA-да қызмет етеп келеді.

ва

- Грек-рим күресі. Федерация президенті Серік Сұлтанғали. Осы жылы федерация соңғы 12 жылдағы ең жақсы көрсеткіш көрсетті. Оның өзі экс-ресейлік азамат Даниял Гаджиевтың арқасында.

Ең төменгі көрсеткіштерді дзюдо (федерация президенті Бекет Махмутов), еркін күрес (федерация президенті Серік Сұлтанғали), таэквондо (федерация президенті Шамсат Исабеков), бессайыс (федерация президенті Берік Имашев), оқ ату (федерация президенті Иманғали Тасмағамбетов) федерациялары көрсетті.

Кері динамика көрсетіп отырған спорт түрлері ретінде су полосы, көркем гимнастика, садақ ату, жүзу, ескек есу, каноэ аталды.

"13 қазақстандық азамат 3 аптаның ішінде саясаткерлер 20 жыл бойы қол жеткізе алмаған іс істеді. Үш аптаның ішінде бұл спортшылар әр қазақстандықтың жүрегінде елі үшін мақтаныш сезімін оятып, бар халықты бір мақсаттың астында біркітіре алды", - деп пікір білдірді агенттік мамандары.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kursiv.kz, vesti.kz