Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Олимпиада-2012-нің ең таңдаулы сөздері

Олимпиада-2012-нің ең таңдаулы сөздері

Олимпиада-2012-нің ең таңдаулы сөздері

Лондон олимпиадасына қатысқан спортшылардың жүрегінен шығып жүрекке жеткен ең таңдаулы сөздері сіздердің назарларыңызда:

- "Мұнда мен осы үшін келдім. Енді мен аңызбын". 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіруден алтыннан алқа тағынғаннан кейін ямайкалық желаяқ Усэйн Болттың айтқан сөзі. 

- "Әйел денесі – өнер туындысы. Барлығы оған қарағанды ұнатады. Әсіресе, спорттың атлетикалық және динамикалық түрлерінде". Натали Кук (Австралия) – Волейболдан Сидней Олимпиадасының чемпионы (бикиниге қатысты айтылған).

- "Осы сызықтан асқан кез келген адамды жығуға дайынмын. Тіпті Англия королевасы боз кілемге шықса да, мен оған тәсіл жасар едім". Америкалық балуан Джордан Барроуздың 74 келі салмақта еркін күрестен Олимпиада чемпион атануынан соң айтылған сөз.

- "Өткенді ағылшынша баяндау қиындау, ал шведше тіптен қиын". Пиа Сундхаге – футболдан Америка құрамасының тізгінін ұстап отырған швед бапкері. Айта кетсек, әйелдер арасында футболда Америка құрамасы Олимпиада чемпионы болды.

- "Біреу менің рекордымды өзгертеді дегенге мен мүлде алаңдамаймын. Себебі, менің рекордым мәңгілікке. Оны кем дегенде 10 жыл ішінде ешкім өзгерте алмас. Тек қана есі ауысқандар осындай биіктен секіреді, ал мен есі ауысқан адаммын, сондықтан осының бәрі менің қолымнан келеді". Елена Исинбаева  - сырықпен секіруден үшінші болып қалғаннан соң.

- "Біз жаттығу залына кіргенде өмірімізде көрмеген сәттерге куә болдық. Ресей атлеттері сіңір созып, өз аяқтарымен біз физикалық тұрғыда мүмкін емес деп ойлаған жаттығуларды жасап жатты". Футболдан Ұлыбритания құрамасының бас бапкері Стюарт Пирстің Олимпиада қалашығындағы өмір жайлы айтқан сөзі.

- "Осы медальдан соң кішкентайлар тапанша пен пышақтарын тастап спортпен шұғылдана бастар деп үміттенемін". Эрик Баррондо (Гватемала) – 20 километрге спорттық жүрістен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

- "Мен бәріне де қажырлы еңбек пен дайындықтардың арқасында қол жеткіздім. Мен ешқашан допинг қолданып көрген емеспін. Қытайлықтардың қолдары таза". Е Шивэньнің (Қытай елінің жүзгіші) – 400 метрге комплексті суға жүзудің соңғы елу метрінде Райана Лохтеден де жылдам жүзгеннен соң айтқан сөзі.

- "Ескерсек, Ариэль мені тоғыз жасынан бастап талқандап келе жатыр. Мен оның нағыз талант екенін растауға дайынмын". Атақты миллиардер Билл Гейтс  -  үстел тенисінен АҚШ құрамасының 16 жастағы мүшесі Ариэль Хсинг туралы ой-пікірімен бөлісуде.

- "Мен: «Медаль осында және біз оны алуға міндеттіміз". Мен үлкен бір кереметті сезіндім. Бірақ, қазір мен тіптен үлкен кереметті сезінудемін – қатты ауыртпашылық". Швейцариялық велошабандоз Фабиан Канчеллараның Олимпиада ойындарында құлаған сәтін сөз еткен.

- "Іштегі балам қарсылық көрсетіп жатса, мен еркін тыныс алып, өзімді сабырға шақыруға тырыстым. Балама: "Өз-өзіңді қолыңа ал және анаңа атуға көмектес", - деймін. Нур Суриани Мохаммед Таиби (Малайзия) – Олимпиада ойындарында нысанаға атуда өнер көрсеткен. Ең қызығы, Малайзия спортшысының сегіз айлық баласы болған.

- "Мен дәл соның осы жерде басын жарғым келіп еді. Бүкіл достарыма, жақын туыс-жарандарыма  бүкіл жұртың көзінше, осы Олимпиада ойындарында оны талқандаймын деп уәде еткенмін. Бірақ Құдай мені онымен жолықтырмады". Ресейлік боксшы Егор Мехонцев кубалық  Хулио ла Крус Перас туралы айтып отыр. Алайда, аталған кубалық жігіт ширек финалдан аса алмаған болатын.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

1882 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 15 тамыз 2012, 20:07
Пікірлер
+0
15 тамыз 2012, 18:14

"Мен ешқашан допинг қолданып көрген емеспін. Қытайлықтардың қолдары таза" Тәәәк... )))

+0
15 тамыз 2012, 18:15

"Өз-өзіңді қолыңа ал және анаңа атуға көмектес" :o 8 айлық?? :o

+0
15 тамыз 2012, 18:19

Допинг жайлы қытайлар айтпай-ақ қойсынш))

+0
15 тамыз 2012, 18:20

""Осы медальдан соң кішкентайлар тапанша пен пышақтарын тастап спортпен шығұлдана бастар деп үміттенемін". үміттіміз...

+0
15 тамыз 2012, 19:19

БОлт тек аяғының ұзындығымен медаль алып жүрген сияқты

+0
16 тамыз 2012, 10:40

Біздің Серик Сапиев не деген екен? не дегенмен ол олимп чемпионы гой бокстан...

+0
16 тамыз 2012, 11:25

Аңыз адам Усейн Болт

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...