Сәпиевке Toyota Land Cruiser сыйлады

Сәпиевке Toyota Land Cruiser сыйлады

Лондон Олимпиадасында жетінші алтынға қол жеткізген қазақ боксшысы Серік Сәпиевке  Қарағанды облысы атынан  Toyota Land Cruiser 200 автокөлігі сыйға тартылды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

"Бұл қарағандылық боксшымыздың жарқын жеңісі. Біздің бүгінгі жетістіктеріміз, елімізде спортқа деген аса жоғары көңіл бөлінетіндігін дәлелдеді. Көптеген спорт кешендері соғылды. Бүгін, біз, Олимпиада ойындарында иеленген алтын жүлделермен барша әлемді таң қалдырдық. Және біздің Серік қазақстандық спортшылардың биік шыңдардан көріне білетіндіктерін дәлелдеді", - деді Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов журналистерге берген сұхбатында. 

Айта кетсек, Лондон ойындарының соңғы күні 69 келі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық былғары қолғап шебері Серік Сәпиев алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар, Серік ХХХ Олимпиада ойындарының ең үздік боксшысы танылып, Баркер кубогын иеленді.

Сәпиев Қазақстанның бокс тарихында Баркер кубогын иеленген осымен үшінші боксшы болып отыр. Бұдан бұрын осы мәртебеге Василий Жиров (1996) пен Бақтияр Артаев (2004) лайық танылған еді.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: rus.azattyq.org

Ж. FM