Француздар - Олимпиада чемпионы!

Француздар - Олимпиада чемпионы!

Гандболдан Франция құрамасы Лондон Олимпиадасының  чемпионы  атанып отыр.

Бұл ойын біраз уақытқа дейін көпшіліктің жадынан шықпай жүретін шығар. Өйткені, себебі, тартымды да тартысты өткен ойын көпшілік көрермендердің көңілін дүр сілкіндіріп жіберді. Ең қызығы сол, бір ғана ұпай Франция құрамасын жеңіс төріне шығарды.

Ойынның бірінші бөлігі француздықтардың пайдасына шешілсе де (10:8), нағыз ойын екінші бөлікте орын алды. Шведтер белсенділіктің арқасында ойынның соңына дейін жеңімпаз болып келген. Алайда, соңғы үміт француздықтарға көмекке келіп, нәтижесінде Франция құрамасы Лондон төрінен алтыннан алқа тағынып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, қола жүлде Хорватия құрамасына бұйырған болатын. Олар өз кезегінде Венгриядан келген жігіттерді ұтқан еді ( 33:26).

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига