Спорттық жүрісте Айман Қожахметова мәреге 42-ші болып келді

Спорттық жүрісте Айман Қожахметова мәреге 42-ші болып келді

20 километр қашықтыққа спорттық жүрісте Олимпида-2012 чемпионы болып ресейлік Елена Лашманова танылды, деп хабарлайды Massaget.kz

Мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен Лашманова қашықтықты 1 сағат 25 минут 2 секундта жүріп өтіп, жаңа әлем рекордын жаңартты. Күміс медалді Лашманованың отандасы Ольга Каниськина (1:25:09) иемденсе, қола жүлде қытайлық Цеян Шэньцзеге бұйырды.

Ал осы спорт түріне қатысқан жерлесіміз Айман Қожахметова 1сағат 35 минут көрсеткішімен 42-орынға қол жеткізсе, тағы бір қазақстандық спортшымыз Шолпан Қожахметова мәре сызығына жетпей-ақ жарыс жолынан шығып қалды.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Л. Лига