Дәулет жартылай финалда көрші балуанға ұтылып қалды

Дәулет жартылай финалда көрші балуанға ұтылып қалды

Еркін күрестен 55 келі салмақта өнер көрсететін қазақстанық күрес шебері Дәулет Ниязбеков финалға жолдама ала алмай қалды.

Жартылай финалда 23 жастағы қызылордалық балуан ресейлік Джамал Отарсултановқа 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Енді біздің отандық спортшымыз қола медалға таласатын болады.

Естеріңізге салсақ, Дәулет Ниязбеков ширек финалда Туркиядан келген Ахмет Пекерді 3:1 есебімен жеңіп кеткен болатын.

Сурет:prosportkz.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига