Қытайлықтар бәрінен де ең аз жылайды...Себебі?

Қытайлықтар бәрінен де ең аз жылайды...Себебі?

Олимпиада ойындарының марапаттау кезінде қай елдің спортшылары жиі көзге жас алатынын білесіз бе? Бір қарағанда күлкіні келтіретіні анық, алайда, спортшылардың егіліп жылап жататын кездері сирек құбылысқа айналып барады...

The Wall Street журналының журналистері 129-ға жуық марапаттау рәсімдерін (Олимпиада ойындарының) қарап шыққан. Және медальға қол жеткізіп отырған спортшылардың 16 пайызы рәсім кезінде ащы айқайларын шығарып жіберіп, көз жастарын көлдетіп қоя берген. Ал 44 пайыз спортшылар өз елдерінің әнұрандарын айтып тұра берген. Ең қызығы сол, әйел баласы ерлерге қарағанда көп жылайтын болып шықты (ерлер - 8 пайыз, әйел заты - 25 пайыз).

Сонымен қатар журналистер марапаттау кезінде қытайлық спортшылардың аз жылайтынын байқап қалған. Аталған елдің спортшыларының бар-жоғы 7 пайызы ғана жанарларына жас алған. Ал америкалықтарда бұл көрсеткіш 17 пайызды құраса, британдықтарда 37,5 пайыз болып отыр.

Есесіне қытайлықтардың 92 пайызы өз елдерінің әнұрандарын айтып тұрады екен. Отаншылдық сезімі артық тұрады дейтін британдықтардың өзі 61 пайызды иеленген...

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига