Британия баспасөзі Бельгия спортшысына "кештердің чемпионы" деген атау беріп отыр

Британия баспасөзі Бельгия спортшысына "кештердің чемпионы" деген атау беріп отыр

Лондон олимпиадасында өнер көрсеткен бельгиялық велошабандоз Гийс ван Хеке ағылшын баспасөздерінің бірінде басылып шыққан суреттердің нәтижесінде Ұлыбританияны тастап кетіп отыр. Себебі, аталған азаматымыз велотректің біткен күнін тойлаймын деп, артық-ауыз ішіп алып, кекесін сөздерін асып-тасып тұрған шағында аяп қалмаған. Және Британиядағы атақты The Mirror газеті Бельгия спортшысына "кештердің чемпионы" деп ныспы беріп отыр.

20 жастағы велошабандоз Лондонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында медаль ала алмаған. Бар-жоғы дүбірлі дода барысында 15-ші болып келген. Соған қарамастан түнгі клубтардың бірінде сылқия ішіп алып, көп кетіп, артық айтса керек...

Қазіргі таңда Олимпиада комитеті бельгиялық спортшының өз еліне қайтқандығын хабарлап отыр. Шараптың жақсылыққа бастап бармайтынын өзі де түсініп, өз елінің басшыларынан, содан соң Олимпиада комитетінен кешірім сұрап үлгеріпті. 

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига