Дмитрий Карпов 100 метрге жүгіруден өз тобында 1-орын алды

Дмитрий Карпов 100 метрге жүгіруден өз тобында 1-орын алды

Қазақстандық  онсайысшы Дмитрий Карпов 100 метрге жүгіруден өз тобында 1-орын алды.

31 жастағы қарағандылық спортшы өз тобында бірінші болып келді (10,91 секунд). Ал екінші орында ресейлік спортшы Илья Шкуренев (11,01 секунд) тұр.Қазіргі таңда қазақстандық спортшының еншісінде 881 ұпай болса, ресейліктің қоржынында 858 ұпай бар.

Жалпы көрсеткіш бойынша отандық спорт шеберіміз 14-орынға қол жеткізсе, америкалық Эштон Итон 1011 ұпаймен көш бастап тұр (10.35).

Сурет:kaz.olympickhabar.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Ж. FM