Алтын қыздар елге оралды

Алтын қыздар елге оралды

Лондон Олимпиадасында ел мерейін үстем етіп, қоржынымызға 3 бірдей алтын байлаған зілтемірші қыздарымызды Алматы әуежайында Алаш жұрты салтанатпен қарсы алды.

 Зілтемір көтеріп, жаһан мықтыларын жерге қаратқан Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова жанкүйерлерімен қауышып, ыстық ықыластарын жеткізді. Сонымен қатар, батыр қыздарымыз журналистердің сауалдарына жауап беріп, баспасөз мәслихатын өткізді. Жер жаннаты Жетісу өңірінен шыққан ауыр атлеттерімізді шаһар әкімдігінің өкілдері бүгін жеңісті күндер көп болсын, деп ақ түсті автокөлікпен Алматының ішін аралатады.

Светлана Подобедова, Лондон Олимпиадасының чемпионы:
Зілтемірді көтерер тұста, жанкүйерлердің қолпашын естідім. Қарасам көк Туымызды желбіретіп, алға, деп ұрандатқан қазақстандық қолдаушылар тұр. Бұл маған сенімділік пен қайтпас рух берді.

 

Дайындаған: Фараби Бақыт

Сурет: http://vesti.kz

Ж. FM