Қазақстандық спортшы 200 метрге жүгіруде Усэйн Болттан жеңіліп қалды

Қазақстандық спортшы  200 метрге жүгіруде Усэйн Болттан жеңіліп қалды

Қазақстандық жеңіл атлетшіміз Вячеслав Муравьев 200 метрге жүгіруде жартылай финалға шыға алмады.

Төрт дүркін Олимпиада чемпионы  Усэйн Болт көш бастап келген топта 30 жастағы қарағандылық спортшымыз 7-ші болып келді. Уақыт көрсеткіші - 21,75 секунд. Және ең үздік көрсеткішті ямайкалық желаяқ орнаттты - 20,39 секунд.

Естеріңізге салсақ, 200 метрге жүгіруден әлемдік рекорд Пекин олимпиадасында орнаған болатын. Болттың сондағы көрсеткен көрсеткіші - 19,19 секнуд.

Сурет:tengrinews.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига