Олимпиада ойындары барысында допингпен ұсталған спортшылардың саны артуда

Олимпиада ойындары барысында допингпен ұсталған спортшылардың саны артуда

Олимп ойындары басталғаннан бері бірнеше спортшы қыз-жігіттер рұқсат етілмеген дәрі-дәрмекті пайдаланып, жарыс жолынан шығарылуда. Бүгін, яғни жарыстың 9-күні тағы да бір спортшы допингпен ұсталып, жарысқа қатысу мүмкіндігінен айырылды.

Бұл жолы рұқсат етілмеген дәруменді мароккалық желаяқ жігіт - Амине Лаалудың қанынан тапқан ұйымдастырушылар. Лаалу бүгін 1500  қашықтыққа жүгіру үшін жарыс жолына шығуы тиіс болатын. Дегенмен соңғы сәтте IAAF (Халықаралық жеңілатлеттер қауымдастығы) бұл жігітті жарыс жолына шығарған жоқ. IAAF қауымдастығының дәрігерлеріне сенетін болсақ, Лаалудың қан құрамынан фурасемид (адамға қосымша күш беретін дәрумен) табылған.

Ертеректе тағы бір Марокко елінің спортшысы допингке байланысты Олимпиадалық ойындардан шегерілген болатын. Марием Алауи Сельсули 1500 метрге жарыстан нәзік жанды желаяқтардың ішінде фаворит саналған-ды. Өкінішке орай Марием Алауи Сельсули екінші мәрте допингпен ұсталып, өмір бойы спорттан аластатылуы әбден ықтимал.

Сурет: isport.ua

Дайындаған: Фараби Бақыт 

Ж. FM