Елбасы Ольга Рыпакованы жеңісімен құттықтады

Елбасы Ольга Рыпакованы жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға да жеделхат жолдады. «Лондондағы 30-шы жазғы Олимпиялық ойындардың жеңіл атлетика сынындағы жеңісіңмен және алтын медаліңмен құттықтаймын.

Қазақстандықтар сен жарысқа шыққан кезде ерекше толғаныста болды. Сен олардың үміті мен сенімін толықтай ақтап, біздің атлеттеріміз әлемнің күшті спортшыларының қатарына енгенін тағы да дәлелдедің.
 
Сенің жеңісің еліміздің көптеген жас спортшылары үшін үлгі-өнегеге айналатынына және мыңдаған балалар мен жасөспірімдердің жеңіл атлетикамен шұғылдануына ықпал ететініне сенемін.
 
Саған алдағы уақытта да табыстар және жаңа спорттық биіктерді бағындыра беруіңді тілеймін», - делінген құттықтау жеделхатында.

 

Сурет: london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Ж. FM