Сүйінші! Алаш елінде алтыншы алтын!

Сүйінші! Алаш елінде алтыншы алтын!

Бүгін, 5 тамыз күні Қазақстан жеңіл атлетикасының басты үміті Ольга Рыпакова үш секіріп қарғудан алтыннан алқа тақты!

Олимпиада ойындарының ақтық сынында өнер көрсеткен өскемендік Ольга Рыпакова алты мүмкіндіктің төртеуін алғаусыз орындай алды (14,54, қателік,  14,98, қателік, 14,89, 14,40).

27 жастағы отандасымыз алғашқы екі мүмкіндікте екінші орыннан көрінсе, үшінші мүмкіндікте 14,98 метрді бағындырып, көш тізгінін өз қолына алды. Ольга Рыпакованың осы көрсеткіші Олимпиада чемпионы атануына жеткілікті болды. 

Айта кетсек, Өскемен қаласының тумасы 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында 15 метр 11 сантиметр көрсетіп, төртінші орынға тұрақтаған  болатын. Ал халықаралық жарыстарда Қазақстанның  үздік жеңіл атлетшісі 2010 жылы Хорватияның Сплит қаласында өзінің жеке рекордын жаңартты - 15,25 метр. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Л. Лига