Подлесный келесі кезеңге өте алмады

Подлесный келесі кезеңге өте алмады

Қазақстандық Вячеслав Подлесный Олимпиада ойындарында шағын калибрлі тапаншамен 50 метрлік нысананы көздеуде финалдық кезеңге өте алмады. Бұл туралы Massaget.kz сайты хабарлап отыр.

34 жастағы отандасымыз 540 ұпай жинап, нәтижесінде 34 орынға табан тіреді. Ең үздік көрсеткішті Оңтүстік Кореялық Йонг Рае Чой көрсетті. Ол қорытынды есепте 569 ұпай еншілеген. Енді финалдық кезеңде 8 спортшы өнер көрсететін болады.

Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Ғани Тұрғынбек

Ж. FM