Саида сайыс жолынан шықты

Саида сайыс жолынан шықты

60 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы қызымыз Саида Хасенова келесі кезеңге өте алмады, деп хабарлайды Массагет.кз.

25 жастағы қарағандылық қызымыз 1/8 финалда бразилиялық былғары қолғап шебері Адриан Арауджоға жеңіліп қалды. Есеп: 14:16. 

25 жастағы отандық спортшымыз бірінші раундты өз пайдасына шешсе де (3:2), екінші раундта қарсыласымен тең түсті (4:4). Содан кейінгі үшінші раундты Арауджоға беріп қойды (4:2). Және шешуші раунд тағы да "Оңтүстік Америкалық" қыздың пайдасына шешілді (6:5).  

Сурет: otherforum.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига