Чемпион чемпионды құттықтаған күн. Қоржында бесінші алтын!!!

Чемпион чемпионды құттықтаған күн. Қоржында бесінші алтын!!!

Қазақстанның қоржынына ең алғашқы алтынды салған отандық велошабандозымыз Александр Винокуров толағай жігітіміз Илья Ильинді бүгінгі жеңісімен арнайы құттықтапты. Бұл туралы astanafans.com сайты хабарлап отыр.

"Өкінішке орай, Ильяның өнерін көре алмадым. Бірақ, мен бүкіл Қазақстанмен бірге уайымдап, әр соңғы жаңалықты күтіп отырдым. Және Ильяның күші мен қайратына сендім. Олимпиададағы алтын жүлде үшін, бесінші медаль үшін, қазақстандық спортшылардың көрсеткен жақсы өнері үшін өзімнің ыстық сәлемімді оған және бүкіл Қазақстанға жолдаймын! Қазақстан алға!" - деп Олимпиада чемпионы алғаусыз ақ көңілмен айтыпты.

Естеріңізге салсақ, Илья Ильин Қазақстаннның қоржынына бесінші алтынды салып қана қоймай, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанып отыр.

Сурет:astanafans.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига