Мерген қызымыз Ольга жарыс жолынан шығып қалды

Мерген қызымыз Ольга жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстандық мерген қызымыз Ольга Довгун винтовка атудан (әртүрлі қашықтықтан 50 метрге) 24-ші орыннан ғана көрініп, финалға өте алмады.

Польшалық мерген Сильвия Богаски 583 ұпаймен сегіздікке ілінгенде, біздің алматылық спортшымыз 578 ұпай жинай алған. Айта кететін болсақ, америкалық Джейми Линн Грей Олимпиада рекордын орната отырып (592ұпай), финалға бірінші мүмкіндіктен өтті.

Финалдық жарысты Астана уақытымен 17:45-те "Ел арнадан" тікелей эфирде көре аласыздар.

Сурет:podrobnosti.ua

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига