Ильиннің қарсыласы қапыда қалды

Ильиннің қарсыласы қапыда қалды
Ауыр атлетикада 94 келі салмақта өнер көрсететін украиндық Артем Иванов жарақат алуына байланысты Олимпиада ойындарына қатыса алмайды, деп хабарлайды kp.ua
24 жастағы ауыр атлетші, Парижде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Артем Иванов дайындық кезінде буынын созып алған.
Украиндықтың айтуынша, ол денсаулығын қалпына келтіруге барынша тырысқан, бірақ Украина ауыр атлетика федерациясының президенті мен Артемнің жеке бапкері тәуекелге бармай спортшыны үйде қалдыруды шешкен. 
Айта кетсек, Лондонда өтіп жатқан ауыр атлетика жарысында Артем Иванов біздің Илья Ильин мен Алмас Өтешовтің басты бәсекелесі болып саналады.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: sport.segodnya.ua
Ж. FM