Бразилиялық қыздар еліне қайтты

Бразилиялық қыздар еліне қайтты

Футболдан "Күншығыс елінің" әйелдер құрамасы Бразилия құрамасын ширек финалда сенімді түрде жеңді.

Тартысты да тартымды өтіп жатқан ойын бөлігінің соңына қарай Юки Нагасото есеп ашты. Содан не керек, бразилиялық қыздар тайлы-тұяғымен қалмай қарсы қақпаға лап қойды. Алайда, "Оңтүстік Америкалық" қыздар қанша шабуыл жасап баққанмен, Михо Фукумото қорғаған қақпадан саңылау таба алмады. Нәтижесінде Жапония құрамасы екінші ойын бөлігінде Синобу Ононың арқасында арадағы айырмашылықты еселеп, жеңіске жетті.

Айта кететін болсақ, Францияның әйелдер құрамасы ширек финалда Швеция құрамасынан 2:1 есебімен басым түсті.

Жазғы Олимпиада ойындары

Футбол. Әйелдер. Ширек финал

Бразилия - Жапония - 0:2

Голдар: Нагасото, 27 (0:1); Оно, 73 (0:2).

Сурет:championat.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига