Ирина Карпова екі сайыс қорытындысы бойынша 36-орында

Ирина Карпова екі сайыс қорытындысы бойынша 36-орында

Спорттың жеті сайыс түрінен бақ сынасып жатқан Ирина Карпова 2 жаттығудың қортындысы бойынша 36-орынды иеленді, деп хабарлайды Массагет.кз

"Б тобында" өнер көрсетіп жатқан 32 жасар жеңіл атлетшіміз биікке секіруден 1,68 метрді бағындырды.  830 ұпай жинаған Aлматы қаласының түлегі жалпы есепте 36-орынға табан тіреді. Осы кезеңде Литва елінің өкілі Аустра Скужуте ең үздік көрсеткішке ие болды. 1,92 биікке секіріп, 1132 ұпай жинаған 32 жасар Литва спортшысы үздік болып қана қоймай жеке рекордын жаңартты. Ал екі жаттығу қорытындысы бойынша әлі де британ жеңіл атлетшісі Эннис Джессика көш бастап келеді. 

Келесі сайыста Ирина Карпова қарсыластарымен ядро лақтырудан күш сынасады. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM