Ресей президентінің Олимпиада чемпиондарына құрметі

Ресей президентінің Олимпиада чемпиондарына құрметі

Ресей президенті Владимир Путин Лондон Олимпиадасы чемпиондарының есімдері Центробанк шығаратын монеталарға жазылатынын мәлімдеді.

"Бүгін Центробанк басшысы Сергей Игнатьев екеуміз сөйлесіп, рубльге Олимпиада чемпиондарының есімдерін жазатын болып келістік", - деді Путин Лондондағы атлеттердің көзінше. 

Суретте Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Ресейлік дзюдошы Т. Хайбулаевты Ресей Президенті В. Путин жеңісімен құттықтап тұр

Ресей президентінің айтуынша, Лондонда алтын алғандардың есімі алтын монетаға, күміс алғандардың есімі күміс монетаға, қола алғандардың есімі қола монетаға жазылатын болады. "Осы жақта, Ұлыбританияда Олимпиада чемпиондарының есімдерімен марка шығарса, біз монет шығаратын боламыз. Және бұл шешім Ресей дзюдошыларының жеңісіне байланысты емес", - деп қосты Ресей президенті. 

 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: saratov.kp.ru, wikidigger.ru

М. Оңғарова