АҚШ медаль саны бойынша алға шықты

АҚШ медаль саны бойынша алға шықты

АҚШ құрамасы Олимпиада ойындарында алған жүлделер саны бойынша Қытайды артта қалдырды. Дегенмен, Қытай елі көшбасшылық тізгінін қолында нық ұстап келеді. Лондонда өтіп жатқан ойындарда Қытай бүгінге дейін 18 алтын, 11 күміс, 4 қола медальді өз қоржынына салса, американдықтар 18 алтын, 9 күміс және 10 қола - жалпы 37 медаль иеленді.

Ал Қазақстан құрамасы 3 алтынмен 10-орынға тұрақтады. Біздің қоржынға алғаш болып велошабандоз Винокуров алтын салса, оның артынша ауыр атлетші Зульфия Чиншолло екінші алтынға қол жеткізген болатын. Және тағы бір ауыр атлетшіміз Майя Манеза үшінші алтынды сыйлаған еді. 

Олимпиада ойындарында жүлде алған үздік құрамалардың тізімі төмендегідей: 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM