Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Қазақстан қытайлықтардың айыбын негізсіз деп санайды

Қазақстан қытайлықтардың айыбын негізсіз деп санайды

Қазақстан қытайлықтардың айыбын негізсіз деп санайды

Зульфия Чиншанлоның жеңісінен кейін Қытай баспасөздері спортшының Қытайдың тумасы екендігін жарыса жазып, азан-қазан болып жатты. CNN агенттігі "аспан асты" елінің сайттарына сілтеме жасай отырып, 19 жасар Зульфия Қазақстанға жалға берілген Дзао Чанлинг (Zhao Changling) атты спортшы деген ақпарт таратқан еді. Сонымен қатар Weibo сайтының (Twitter-дің қытайлық аналогы) қолданушылары спортшыларды сыртқа шығаруға жол берген шенеуніктерді орнынан босатуды талап етіп жатты.

Осы орайда Қазақстан тарапы бұл әңгімелерді негізсіз деп есептейтіндіктерін айтып, пікір білдірді. Штаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясының жетекшісінің қызметін атқарушы Алексей Крючков: "Не жазып, не айтса да өздері білсін. Олар Зульфияны тәрбиелеп, жаттықтырды ма екен? Бұл әңгімелер қызғаныштан басқа ештеңе де емес. Біздің жеңістерімізге наразылық білдіріп жатқандар көп. Соның ішінде біздің қарсыластарымыз да бар. Оның үстіне спортшымыз белгілі бір кезеңде Қытайда өмір сүрген болса, әлбетте, мұндай гу-гу әңгімелер тоқтамайды. Зульфияны тәрбиелеп, жаттықтыруға оларға кім кедергі болды? Оп-оңай жіберді. Енді алты жыл өтіп, спортшы биік шыңдарды бағындыра бастағанда өсек-аяңдарын бастап отыр. Олай болса, оны елдерінен неге жіберді?

Сондықтан қытайлық журналистердің айтып жүргендерін негізсіз айыптау деп есептейміз. Егер біз бұл спортшыларды кеше ғана сатып алып, Қазақстан атынан шығарсақ, түсінер едім. Біз бұл жеңіске ұзақ жол жүріп келдік. Бір Олимпиадалық циклді өткіздік. Және спортшылар осы жылдар бойы ұлттық құрамамыздың қатарында болды", - деді.

Жеңістен кейінгі сұхбат

Естеріңізге сала кетелік, 53 кг-ға дейінгі салмақта өнер көрсеткен Чиншанло Лондондағы Олимпиадада елімізге екінші алтын медальді алып берген болатын. Ауыр атлет жұлқа көтеруде 95 кг-ды бағындырса, серпе көтеруде 131 кг-ды ауыздықтап, әлемдік рекорд орнатқан болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: diapazon.kz

336 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 01 тамыз 2012, 16:02
Пікірлер
+0
01 тамыз 2012, 21:23

кейде ойлаймын, қазақтың намысын қазақ қорғау керек деп.....әрине дұрыс емес те шығар пікірім

+0
08 тамыз 2012, 11:58

әзірге қанша алтын алсақта,ішінде қаны Қазақ деген адамның жоқ екеніне ішің күйеді. Бірақ,басқа ұлт өкілдері болсада ел етынан шығып,Қазақстан елін бүкіл әлемге танытып жатқандарына риза боласын. енді басқа спортшыларымыздан үміт күтеміз.

+0
08 тамыз 2012, 12:52

қазақтар қазақтар дейтін болсақ жақсылап жаттығуы керек, бар айып өзімізде. жастайынан балаларды спортқа немесе тағы басқа үйірмелерге беріп баланы жан жақты етіп тәрбиелеу керек, үйге тығып сақтап қоймай. Қазақтар қорғауы керек дұрыс бірақ қорғайтын қазақ қайда?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet
Кешіккен кешірім
Кешіккен кешірім

Ерінбей оқып көріңіз?!

Сіз сенер ме едіңіз?
Сіз сенер ме едіңіз?

Ал ол сенеді... Өйткені...

Автор: Әсем Құлман
Қарапайым логикалық сұрақтар...
Қарапайым логикалық сұрақтар...

Кейде, сәл ғана ойлану-жетістікке әкеледі.

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...