Элмир Алимжанов семсерлесуден 1/16 өтті

Элмир Алимжанов семсерлесуден 1/16 өтті

Төрткүл дүние көз тіккен Олимпиада ойындары әлі де жалғасуда. Бүгін Лондон төрінде біздің сапышылар жарыс күнін бастады. 

Лондон олимпиадасына жолдама алған 26 жасар Элмир Алимжанов жарыстың 1/32 айналымында  вьетнамдық Тиен Нхат Нгюенмен бақ сынасты.  Кездесудің алғашқы бөлігінде спортшылар бір-біріне дес бермей тең тарасты. Ал екінші периодта біздің Элмир нәтижелі шабуылдарының арқасында вьетнамдық спортшыны 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Қорытынды есеп 15:9.

Енді Элмир Алимжанов ресейлік Сухов Павел мен Жун Жинсин арасында болатын жекпе-жектің жеңімпазымен семсерлеседі. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM