Өзгермейтін адам жоқ, өзгеретін рекорд бар

Өзгермейтін адам жоқ, өзгеретін рекорд бар

Атақты АҚШ жүзгіші Майкл Фелпс Олимпиада ойындарында жеңіп алған жүлделер саны бойынша әлем рекордын орнатты. Кеңес заманында гимнасшы Лариса Латынина бағындырған жетістікті 48 жыл өткен соң, Фелпс жаңартып отыр. 

27 жасар Фелпс өзінің 18-ші және 19-шы олимпиада медалін кеше иеленді. Ол 200 метр қашықтыққа баттерфляй әдісі арқылы жүзуде 18 жасар Оңтүстік африкалық Чэд ле Клостан 0,05 секунд ұтылып, күміс жүлдеге қол жеткізсе, АҚШ құрамасы сапында 200 метрге еркін жүзу эстафетасында алтын иеленді. Фелпспен бірге жеңіс тұғырына Райан Лохте, Конор Дуайер және Рикки Беренс көтерілді.

Айта кетсек, Латынина 1956, 1960, 1964 жылдары өткен Олимпиада ойындарында 9 алтын, 5 күміс және де 4 қола - жалпы 18 медаль жеңген еді. 

Ал американдық спортшының қоржынында қазіргі таңда 15 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Лондонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Фелпс әлі үш сайыс түрінен өнер көрсететін болады: 100 метрге баттерфляй арқылы, 200 метрге комплекстік жүзу және эстафетадан (100 метрге комлекстік жүзу). 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Л. Лига