Біржан білгенінен жаңылған жоқ

Біржан білгенінен жаңылған жоқ

Қазақстандық былғары қолғап шебері Біржан Жақыпов Олимпиада ойындарының бірінші кездесуінде жеңіске жетті.

49 келі салмақта өнер көрсететін Шымкент өңірінің боксшысы 21 жасар француз жігіті Джереми Беккуды ұтты. Кездесудің бірінші бөлігінде төрешілер 6:6 есебімен тең нәтижені тіркеген. Екінші раундта 5:4 есебімен француз жігітінің еншісінде кетті. Үшінші әрі шешуші кезеңді Біржан толығымен өз пайдасына аяқтап, жалпы есепте 18:17 есебімен жеңіске жетті. 

Енді Жақыпов ширек финал жолдамасы үшін Мануэл Капайды 17:7 есебімен ұтқан италиян жігіті Марк Баригамен жұдырық түйістіретін болады. 

Сурет: vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Ж. FM