Бозбаев ширек финалға шықты

Бозбаев ширек финалға шықты

Күрестің дзюдо түрінен еліміздің намысын 81 келі салмақта Олимпиада ойындарында қорғауға аттанған Ислам Бозбаев алғашқы екі кездесуінде жеңіске жетіп, ширек финалға қадам басты.

Алғашқы кездесуін 21 жасар Ислам өте ширақ бастады. Белдесудің орта шебіне жеткенде бір ескертуді де біздің отандасымыз алды. Дегенмен бәскенінің аяқталуына 1:36 уақыт қалғанда қандасымыз қарсыласын керемет иппон әдісіне лақтырды. Бұл дегеніміз таза жеңіс еді.

Екінші айналымда жеребе Бозбаевты Тоголық қарамаржан Сачи Денаньмен жолықтырды. Бірақ әлемнің рейтингінің 20 сатысында орналасқан жігітпен өткен кездесуде де біздің палуан білгенінен жаңылған жоқ. Бұл кездесуде Ислам қос «вазаридің» арқасында ширек финал жолдамасын қоржынға салды.

Енді финалдық кезеңге шығу үшін Теміртаулық жігіт әлем рейтінгінің 5-сатысында орналасқан неміс жігіті Оле Бишофпен татамиге шығатын болады. Айта кетейік бұл белдесу Астана уақытымен 16:43 те басталады.

Сурет: london2012.com

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Ж. FM