Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Украина спортшыларын қола жүлдеден айырды

Украина спортшыларын қола жүлдеден айырды

Украина спортшыларын қола жүлдеден айырды

Лондонда өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының үшінші күнінде төрешілер командалық спорттық гимнастика нәтижелерін қайта қарастырып, Украина елінің ерлер командасын қола медальдан айырды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Кеше, Жапония құрамасының басшылары наразылық білдіргеннен соң, эпизод қайта қаралып төрешілер атта өнер көрсеткен Жапония спортшысына 0,7 ұпай қосып берді. Нәтижесінде Күншығыс елінің гимнасттары 4-орыннан 2-орынға қол жеткізді. Ал Украина ерлер құрамасы қола жүлдеден айырылып, 4-орынға табан тіреді. 

"Жапон құрамасының  жетекшілері шетте қалып қоймай, Күншығыс елінің гимнасттары үздік үштік қатарынан көрінулеріне барын салып, дегендеріне жетті. Бұл жапон құрамасы жетешілерінің біліктілігін дәлелдейді", -дейді Олимпиада ойындарының төрт дүркін чемпионы Алексей Немов. 

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Афинада өткен Олимпиада ойындарында залдағы көрермен турникте өнер көрсеткен Ресей құрамасының гимнасты Алексей Немовқа жүлде беруді талап еткен болатын, алайда Ресей құрамасының жетекшілері бұған байланысты қандай бір амал жасай алмаған еді. 

Украина спорттық гимнастика федерациясының президенті Игорь Коробчинскийдің айтуынша, секіріп түсу орындалмағандықтан, оның базасын көтеруге болмайды. Бірақ, халықаралық федерация мүлдем басқа шешім қабылдады. 

Қорытындылай келе, командалық (спроттық гимнастика) жарыс нәтижесі төмендегідей: 

1.Қытай - 275.997

2. Жапония - 271.952

3. Ұлыбритания - 271.711

4. Украина - 271.526

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

290 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 31 шілде 2012, 15:22
Пікірлер
+0
31 шілде 2012, 15:48

Мынау тарихқа енетін оқиға ғой :roll:

+0
31 шілде 2012, 15:52

Алексей Немов Грек елінде өткен жарыста елді тыныштандырып еді өзі. Ел шулап, әділ бағалануын сұрап еді)

+0
31 шілде 2012, 15:55

Қайтсін енді, :)

+0
31 шілде 2012, 16:22

украйндық спортшыға обал болды,оның жылағанын көрсеңізгей,аяп кетесін :?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...